Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 11-бабының 4 және 7-тармақтарына, 105-баптың 7-тармағына және 278-баптың 4-тармағының төртінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Электронды құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты пайдалану тәртібі бекітілсін.
2. Оларды жасау кезінде электронды құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпарат пайдаланылатын мынадай:
а) келу орнында жүкті түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен өзге де жүк операцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарларды Одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен алмастыруға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекет, Одақ) кеден органының рұқсатын алу;
б) егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда осындай хабарлама ұсынылатын болса, мүше мемлекеттің кеден органына келу орнында жүкті түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен өзге де жүк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ тауарларды Одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен алмастыру туралы хабарлау кедендік операциялары белгіленсін.
3. Осы Шешім 2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 214 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Электронды құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты пайдалану ТӘРТІБІ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына келгенге дейін және олар осындай аумаққа келгеннен кейін тәуекелдерді бағалау және кедендік бақылау объектілері мен нысандарын, оны жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды таңдау туралы алдын ала шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ осы Тәртіптің 2-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген кедендік операцияларды жасау кезінде не транзиттік декларация және (немесе) көлік құралына декларация ретінде электронды құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты (бұдан әрі – алдын ала ақпарат) пайдалану қағидасын белгілейді.
2. Алдын ала ақпарат:
а) мыналармен:
Одаққа мүше мемлекеттің кеден органына (бұдан әрі тиісінше – кеден органы, мүше мемлекет) тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келгені туралы хабарлаумен;
келу орнында тауарларды түсіруді жүзеге асыруға кеден органының рұқсатын алумен немесе
егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда осындай хабарлама ұсынылатын болса, келу орнында тауарларды түсіруді жүзеге асыру туралы кеден органына хабарлаумен (бұдан әрі – келу орнында тауарларды түсіруді жүзеге асыру туралы кеден органына хабарлау);
келу орнында тауарларды қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және өзге де жүк операцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарларды Одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен алмастыруға (бұдан әрі – тауарлармен жүк операциялары және (немесе) көлік құралдарын алмастыру) кеден органының рұқсатын алумен немесе егер мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында және (немесе) мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда осындай хабарлама ұсынылатын болса, келу орнында тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыру және (немесе) көлік құралдарын алмастыру туралы кеден органына хабарлаумен (бұдан әрі – келу орнында тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыру және (немесе) көлік құралдарын алмастыру туралы кеден органына хабарлау);
тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде;
б) транзиттік декларация ретінде;
в) көлік құралына декларация ретінде пайдаланылады.
3. Тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгенге дейін ұсынылған және кеден органына ол ұсынылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен (электрондық қолтаңбамен) куәландырылған алдын ала ақпарат Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 11-бабының 17-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) белгілеген оны ұсыну мерзімдеріне тәуелсіз пайдаланылады.
4. Алдын ала ақпаратта қамтылған мәліметтерді тексеру мақсатында кеден органдары өзге ақпараттық жүйелерден, соның ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйелері мен осындай тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылы шеңберінде Кодекстің 362-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың ақпараттық жүйелерінен алынған ақпаратты пайдаланады.
II. Алдын ала ақпаратты пайдалану тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгенге дейін пайдалану тәртібі
5. Кеден органы алдын ала ақпаратты тіркегеннен кейін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, соның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып:
а) Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде тыйым салу және шектеулер қолданылатын тауарларды анықтайды;
б) Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүзеге асырылуы тиіс тауарларды анықтайды;
в) тәуекелдерді азайту бойынша шараларды белгілейді.
6. Одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде оларға қатысты санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүзеге асырылуы тиіс тауарларды анықтау кезінде кеден органы алдын ала ақпараттың мәліметтерін қалыптастырады және барынша қысқа мерзімде, бірақ алдын ала ақпарат тіркелген сәттен бастап 15 минуттан кешіктірмей өз мемлекетінің Одақтың кедендік шекарасында мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті органдарына (бұдан әрі – уәкілетті органдар) жібереді.
7. Осы Тәртіптің 6-тармағына сәйкес кеден одағы жіберген мәліметтерді қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган оларды алған сәттен бастап 30 минуттан кешіктірмей осындай мәліметтерді қарау нәтижелерін көрсетілген кеден органына жібереді.
8. Кеден органы алдын ала ақпарат тіркелген сәттен бастап 1 сағаттан кешіктірмей алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға, ал алдын ала ақпаратта Кодекстің 11-бабының 2-тармағы 1-тармақшасында көзделген құрамда ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтер болған кезде де осындай алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға алдын ала ақпаратты қарау нәтижелері туралы мынадай:
а) алдын ала ақпаратты онда көрсетілген кедендік операцияларды жасау үшін және (немесе) кедендік декларациялар ретінде пайдалану мүмкіндігі бар екені немесе жоқ екені (алдын ала ақпаратты пайдалану мүмкіндігі жоқ болған жағдайда – себептері көрсетіле отырып) туралы;
б) оларға қатысты тыйым салу және шектеулер қолданылуы мүмкін тауарлар туралы, сондай-ақ осындай тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау үшін ұсынылуы талап етілуі мүмкін құжаттар туралы;
в) Одақтың кедендік аумағына олардың келуі жоспарланған орында тиісті түрдегі тауарларға қатысты мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ екені туралы;
г) осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген мәліметтерді қарау нәтижелері туралы (бар болған жағдайда);
д) келу орнында тауарларды түсіруді жүзеге асыруға рұқсат беру туралы;
е) келу орнында тауарларды түсіруді сәйкестендіру құралдарының тұтастығын бұзбай жүзеге асыруға рұқсат беру туралы;
ж) келу орнында тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыруға және (немесе) көлік құралдарын алмастыруға рұқсат беру (тыйым салу) туралы;
з) автомобиль көлігіне қатысты көліктік бақылауды жүзеге асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 56 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 7-тармағы "а" тармақшасының жетінші абзацына сәйкес өтініш берілген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы мәліметтерді жібереді.
9. Осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген алдын ала ақпаратты қарау нәтижелерін кеден органы Одақтың кедендік аумағына әкелу көзделетін тауарларға әрбір көліктік (тасымалдау) құжаты және (немесе) халықаралық тасымалдау көлік құралы бойынша қалыптастырады.
10. Осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген алдын ала ақпаратты қарау нәтижелерін кеден органы тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгенге дейін қайта қарауы мүмкін. Мұндай жағдайда кеден органы осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген тұлғаларға алдын ала ақпаратты қарау нәтижелерін қайта қарау туралы мәліметтерді қамтитын хабарлама (себептерін көрсете отырып) жібереді.
11. Егер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бұған жол берілетін жағдайда, кеден органы осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген алдын ала ақпараттың мәліметтер мен оны қарау нәтижелерін осы Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген өзге мүдделі тұлғаларға жібереді.
III. Алдын ала ақпаратты тауарлар Одақтың кедендік аумағына келгеннен кейін пайдалану тәртібі
1. Кеден органының тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарламасымен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде алдын ала ақпаратты пайдалану
12. Тасымалдаушы немесе оның атынан әрекет ететін кеден өкілі, ал егер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бұған жол берілетін болса – тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлға алдын ала ақпаратты пайдалана отырып, мынадай:
а) тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органына хабарлайтын тасымалдаушы туралы (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқа (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайы);
б) кеден өкілі туралы (заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуді растайтын құжаттың нөмірі) не, егер мұндай тұлға тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органына хабарлауымен байланысты кедендік операцияларды жасайтын болса, тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлға туралы (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқа (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайы);
в) тауарлардың келуі туралы кеден органына хабарлау үшін алдын ала ақпаратты пайдалану туралы;
г) тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органына хабарлау үшін пайдаланылатын алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді қамтитын құжатты ұсыну арқылы тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органына хабарлайды.
13. Осы Тәртіптің 12-тармағында көрсетілген құжатты алғаннан кейін кеден органы алдын ала ақпаратта осы құжатта көрсетілген тіркеу нөмірлерінің, тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органына хабарлаумен байланысты кедендік операцияларды жүргізуді жылдамдату мақсатында оны пайдалану туралы мәліметтердің, сондай-ақ мынадай:
а) су көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 51 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 5-тармағымен;
б) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін:
Армения Республикасы үшін – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 7-тармағының "б" тармақшасымен;
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 6-тармағымен;
в) теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін:
Армения Республикасы үшін – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 57 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 6-тармағының "а" тармақшасымен;
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 5-тармағымен;
г) әуе көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 62 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 6-тармағының "а" тармақшасымен анықталған мәліметтердің болуын тексеруді жүзеге асырады.
14. Осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес құжатты ұсынғаннан кейін, егер алдын ала ақпарат осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын жағдайда, кеден органы алдын ала ақпаратты пайдалана отырып тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабарламаның күні мен уақытын тіркейді және алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға тауарлардың Одақтың кедендік аумағына келуі туралы кеден органына хабарлау үшін оны пайдаланғаны туралы хабарлайды.
2. Алдын ала ақпаратты келу орнында тауарларды түсіруді жүзеге асыруға кеден органының рұқсатын алу немесе келу орнында тауарларды түсіруді жүзеге асыру туралы кеден органына хабарлау үшін пайдалану
15. Осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға хабарлағаннан кейін және алдын ала ақпаратта келу орнында тауарларды түсіруді жүзеге асыруға кеден органының рұқсатын алу немесе келу орнында тауарларды түсіруді жүзеге асыру туралы кеден органына хабарлау үшін оны пайдалану туралы мәліметтер болған жағдайда кеден органы мұндай алдын ала ақпаратты осындай рұқсат алу туралы өтініш немесе осындай хабарлама ретінде қарайды, кеден органы бұл туралы осындай алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға хабарлайды.
16. Осы Тәртіптің 15-тармағында көрсетілген өтінішті қарау қорытындысы бойынша кеден органы келу орнында тауарларды түсіруді жүзеге асыруға рұқсат береді немесе мұндай түсіруден бас тартады.
3. Алдын ала ақпаратты келу орнында тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыруға және (немесе) көлік құралдарын алмастыруға кеден органының рұқсатын алу үшін немесе келу орнында тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыру және (немесе) көлік құралдарын алмастыру туралы кеден органына хабарлау үшін пайдалану
17. Осы Тәртіптің 14-тармағына сәйкес алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға хабарлағаннан кейін және алдын ала ақпаратта келу орнында тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастырылғанға немесе олар уақытша сақтауға орналастырылғанға дейін жүзеге асырылатын келу орнында тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыруға және (немесе) көлік құралдарын алмастыруға кеден органының рұқсатын алу немесе келу орнында тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыру және (немесе) көлік құралдарын алмастыру туралы кеден органына хабарлау үшін оны пайдалану туралы мәліметтер бар болған жағдайда мұндай алдын ала ақпаратты кеден органы мұндай алдын ала ақпаратта мынадай:
а) жоспарланған тауарлармен жүк операциялары және (немесе) көлік құралдарын алмастыру туралы;
б) тауарлармен жүк операциялары жүзеге асырылғаннан және (немесе) көлік құралдары алмастырылғаннан кейін тауарларды одан әрі тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын тұлға туралы (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқа (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайы);
в) тауарларды одан әрі тасу (тасымалдау) үшін пайдаланылатын көлік құралының тіркеу нөмірі (көлік құралының тіркеу нөмірлері) туралы мәліметтер болған кезде осындай рұқсат алу туралы өтініш немесе осындай хабарлама ретінде қарайды.
8. Кеден органы алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға алдын ала ақпаратты келу орнында тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыру және (немесе) көлік құралдарын алмастыру туралы өтініш немесе келу орнында тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыру және (немесе) көлік құралдарын алмастыру туралы хабарлама ретінде қаралғаны туралы хабарлайды.
19. Осы Тәртіптің 17-тармағында көрсетілген өтінішті қарау қорытындысы бойынша кеден органы келу орнында тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыруға және (немесе) көлік құралдарын алмастыруға рұқсат береді немесе жүк операцияларын жүзеге асырудан және (немесе) көлік құралдарын алмастырудан бас тартады.
4. Алдын ала ақпаратты тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау үшін пайдалану
20. Тасымалдаушы немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға не олардың атынан әрекет ететін кеден өкілі кеден органына мынадай:
а) тауарларды уақытша сақтауға орналастыратын тұлға туралы (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқа (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайы);
б) егер ол тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын болса, кеден өкілі туралы (заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуді растайтын құжаттың нөмірі);
в) алдын ала ақпаратты тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін пайдалану туралы;
г) тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін пайдаланылатын алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі;
д) көліктің (тасымалдау) құжатының нөмірі мен толтырылған (берілген) күні туралы мәліметтерді қамтитын құжатты ұсыну арқылы алдын ала ақпаратты тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін пайдалану туралы өтініш білдіреді.
21. Осы Тәртіптің 20-тармағында көрсетілген құжатты алғаннан кейін кеден органы тіркеу нөмірі осы құжатта көрсетілген алдын ала ақпаратта оны тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасауды жылдамдату мақсатында пайдаланғаны туралы мәліметтердің, сондай-ақ мынадай:
а) су көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына су көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 6-тармағының "в" тармақшасымен;
б) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 7-тармағының "г" тармақшасымен;
в) теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 6-тармағының "з" тармақшасымен;
г) әуе көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелуі көзделген тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 6-тармағының "е" тармақшасымен анықталатын мәліметтердің болуын тексеруді жүзеге асырады.
22. Осы Тәртіптің 20-тармағында көрсетілген құжатты ұсынғаннан кейін, егер алдын ала ақпарат осы Тәртіптің 21-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын жағдайда, кеден органы алдын ала ақпаратты тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжат ретінде тіркейді және бұл туралы алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға хабарлайды.
5. Алдын ала ақпаратты транзиттік декларация ретінде пайдалану
23. Ол туралы мәліметтер алдын ала ақпаратта кедендік транзиттің кедендік рәсімдерінің декларанты ретінде көрсетілген тұлға немесе оның атынан әрекет ететін кеден өкілі келу орнында орналасқан кеден органына мынадай:
а) кедендік транзиттің кедендік рәсімінің декларанты туралы;
б) егер ол тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімдеріне орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын болса, кеден өкілі туралы (заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіміне енгізуді растайтын құжаттың нөмірі);
в) алдын ала ақпаратты транзиттік декларация ретінде пайдалану туралы;
г) транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі;
д) көліктік (тасымалдау) құжатының нөмірі және толтырылған (берілген) күні туралы мәліметтерді қамтитын құжатты ұсыну арқылы алдын ала ақпаратты транзиттік декларация ретінде пайдалану туралы өтініш білдіреді.
24. Осы Тәртіптің 23-тармағында көрсетілген құжатты алғаннан кейін келу орнында орналасқан кеден органы тіркеу нөмірі осы құжатта көрсетілген алдын ала ақпаратта оны транзиттік декларация ретінде пайдалану туралы мәліметтердің, сондай-ақ Кодекстің 107-бабының 1-тармағына және тауарлардың, оларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалдайтын тұлғалардың санатына және (немесе) тауарларды тасуды (тасымалдауды) жүзеге асыратын көлік түріне қарай транзиттік декларацияны толтыру тәртібін белгілейтін Комиссияның актілеріне сәйкес транзиттік декларацияда көрсетуге жататын мәліметтердің болуын тексеруді жүзеге асырады.
25. Егер алдын ала ақпарат осы Тәртіптің 24-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтыған жағдайда, келу орнында орналасқан кеден органы:
а) транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын алдын ала ақпараттың тапсырылған күні мен уақытын тіркейді;
б) транзиттік декларацияны тіркеумен немесе тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операцияларды жүргізеді;
в) алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға оны транзиттік декларация ретінде пайдаланғаны туралы (осындай декларацияның нөмірін, тіркелген күні мен уақытын көрсете отырып) хабарлайды.
6. Алдын ала ақпаратты көлік құралына декларация ретінде пайдалану
26. Тасымалдаушы немесе оның атынан әрекет ететін кеден өкілі, ал егер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бұған жол берілетін болса – тасымалдаушының атынан әрекет ететін өзге тұлға келу орнында орналасқан кеден органына мынадай:
а) тасымалдаушы туралы (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқа (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайы);
б) кеден өкілі туралы (заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуді растайтын құжаттың нөмірі) не егер мұндай тұлға халықаралық тасымалдау көлік құралын кедендік декларациялаумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын болса, тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге тұлға туралы (заңды тұлғаның, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның толық немесе қысқа (қысқартылған) атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайы);
в) алдын ала ақпаратты көлік құралына декларация ретінде пайдалану туралы;
г) көлік құралына декларация ретінде пайдаланылатын алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді қамтитын құжатты ұсыну арқылы алдын ала ақпаратты көлік құралына декларация ретінде пайдалану туралы өтініш білдіреді.
27. Осы Тәртіптің 26-тармағында көрсетілген құжатты алғаннан кейін келу орнында орналасқан кеден органы тіркеу нөмірі осы құжатта көрсетілген алдын ала ақпаратта оны көлік құралына декларация ретінде пайдалану туралы мәліметтердің, сондай-ақ тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік түріне, халықаралық тасымалдау көлік құралының Одақтың кедендік шекарасы арқылы өту бағытына, сондай-ақ Кодекстің 272-бабының 7-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген тауарлар санатына қарай осындай кедендік декларацияны толтыру тәртібін белгілейтін Комиссия актілеріне сәйкес көлік құралына декларацияда көрсетуге жататын мәліметтердің болуын тексеруді жүзеге асырады.
28. Егер алдын ала ақпарат осы Тәртіптің 27-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын болса, келу орнында орналасқан кеден органы:
а) алдын ала ақпарат ретінде пайдаланылатын көлік құралына декларацияның тапсырылған күні мен уақытын тіркейді;
б) көлік құралына декларацияны тіркеумен немесе тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операцияларды жүргізеді;
в) алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға оны көлік құралына декларация ретінде пайдаланғаны туралы (осындай декларацияның тіркеу нөмірін, күні мен уақытын көрсете отырып) хабарлайды.
IV. Қорытынды ережелер
29. Егер алдын ала ақпарат осы Тәртіптің 13, 17, 21, 24 және 27-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қамтымайтын болса және (немесе) кедендік бақылау шеңберінде алдын ала ақпарат пен көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтер арасында алшақтық анықталған жағдайда кеден органы осы Тәртіптің ІІІ бөліміне сәйкес мұндай алдын ала ақпаратты пайдаланбайды және алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға осы Тәртіптің 2-тармағында көрсетілген жағдайларда алдын ала ақпаратты пайдалану мүмкіндігінің жоқ екені туралы (себептерін көрсете отырып) хабарлайды.
30. Осы Тәртіптің 8, 14, 15, 18 және 22-тармақтарында, 25-тармағының "в" тармақшасында, 28-тармағының "в" тармақшасында және 29-тармағында көрсетілген тұлғаларды хабардар ету кеден органдарының ақпараттық жүйелері мен осы тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы немесе ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісінің ресурстарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
31. Алдын ала ақпаратты осы Тәртіптің 2-тармағының "а" тармақшасында белгіленген бірнеше кедендік операцияларды жасау үшін және (немесе) транзиттік декларация және (немесе) көлік құралына декларация ретінде пайдалану туралы өтініш беру кезінде тұлға бір көліктік (тасымалдау) құжаты бойынша әкелінетін тауарларға және (немесе) бір халықаралық тасымалдау көлік құралына қатысты осы Тәртіптің 12, 20, 23 және (немесе) 26-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қамтитын бір құжатты ұсынуға құқылы.