Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған:
Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 006/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі;
Зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 006/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі бекітілсін.
2. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімінің 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 217 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 006/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың ТІЗБЕСІ
№ р/с | Құрылымдық элемент немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу объектісі | Стандарттың белгіленімі және атауы | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
---|---|---|---|
1 | 4-бап | МЕМСТ 33732-2016 "Пиротехникалық бұйымдар. Жалпы қауіпсіздік талаптары" | |
2 | СТБ 2112-2010 (МЕМСТ Р 51270-99) "Пиротехникалық бұйымдар. Жалпы қауіпсіздік талаптары" | 01.07.2020 жылға дейін қолданылады | |
3 | МЕМСТ Р 51270-99 "Пиротехникалық бұйымдар. Жалпы қауіпсіздік талаптары" | 01.07.2020 жылға дейін қолданылады |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 217 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 006/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың ТІЗБЕСІ
№ р/с | Құрылымдық элемент немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу объектісі | Стандарттың белгіленімі және атауы | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
---|---|---|---|
1 | 6-бап | МЕМСТ 33950-2016 "Пиротехникалық бұйымдар. Сынақ әдістері" | |
2 | СТБ 2106-2010 (МЕМСТ Р 51271-99) "Пиротехникалық бұйымдар. Сынақ әдістері" | 01.07.2020 жылға дейін қолданылады | |
3 | МЕМСТ Р 51271-99 "Пиротехникалық бұйымдар. Сынақ әдістері" | 01.07.2020 жылға дейін қолданылады |