Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Жарылғыш заттардың және олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 028/2012) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі және зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Жарылғыш заттардың және олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 028/2012) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 218 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Жарылғыш заттардың және олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 028/2012) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі;

      Зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Жарылғыш заттардың және олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 028/2012) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының "Жарылғыш заттардың және олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін (КО ТР 028/2012) қолданысқа ендіру тәртібі туралы" 2012 жылғы 2 қазандағы № 179 шешімінің 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 218 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Жарылғыш заттардың және олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 028/2012) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың ТІЗБЕСІ

№ р/с

Құрылымдық элемент немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу объектісі

Стандарттың белгіленімі және атауы

Ескерту

1 2 3 4
1

1-бап және 4-баптың 4-тармағы

МЕМСТ 21982-76 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Суға төзімді сақтандырғыш аммониттер. Техникалық талаптар"


2

МЕМСТ 21983-76 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Углениттер. Техникалық талаптар"


3

МЕМСТ 21984-76 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. № 6ЖВ аммониті және суға төзімді. Техникалық талаптар"


4

МЕМСТ 21985-76 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Жартасты аммонал № 1. Техникалық талаптар"


5

МЕМСТ 21986-76 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. М маркалы детонит. Техникалық талаптар"


6

МЕМСТ 21987-76 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Гранулиттер. Техникалық талаптар"


7

МЕМСТ 21988-76 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Граммониттер. Техникалық талаптар"


8

МЕМСТ 25857-83 "Гранулотол. Техникалық талаптар"


9

1-бап және 6-бап

МЕМСТ 4117-78 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттарға арналған тротил. Техникалық талаптар"


10

МЕМСТ 6254-85 "Жарылыс жұмыстарына арналған капсюль-детонаторлар. Техникалық талаптар"


11

МЕМСТ 9089-75 "Жылдам іске қосылатын электродетонаторлар. Техникалық талаптар"


12

МЕМСТ 12696-77 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Алюмотол. Техникалық талаптар"


13

ҚР СТ 2823-2016 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Порэмит-1. Техникалық талаптар"


14

ҚР СТ 2558-2014 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. № 6 ЖВ аммониттен және полиэтилен қабықшадағы аммоналдан жасалған патрондар. Техникалық талаптар"


15

ҚР СТ 2609-2015 "Т-5, Т-10, Т-15 маркалы граммониттің Өнеркәсіптік жарылғыш заттары. Техникалық талаптар"


16

ҚР СТ 2544-2014 "Электрлік емес қоздыру жүйелері. Қоздыруды баяулататын құрылғы. Техникалық талаптар"


17

МЕМСТ Р 52035-2003 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. М маркалы детонит. Техникалық талаптар"


18

МЕМСТ Р 52036-2003 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Э-6 маркалы угленит. Техникалық талаптар"


19

МЕМСТ Р 55777-2013 "Кумулятивтік зарядтар. Техникалық талаптар"


20

2-бап

МЕМСТ 26184-84 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Терминдер мен анықтамалар"


21

4-баптың 4-тармағы және 5-баптың 2-тармағының
2.7-тармақшасы

МЕМСТ 21806-76 "Қысқа бәсеңдетіп іске қосылатын сақтандырғыш электродетонаторлар. Техникалық талаптар"


22

4-баптың 4-тармағы және 5-баптың 4, 6 және 7-тармақтары

МЕМСТ 14839.20-77 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау"


23

МЕМСТ Р 51615-2000 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау"


24

4-баптың 4-тармағы және 5-баптың 6-тармағы

МЕМСТ 19747-74 "Жарылғыш материалдарды контейнерлерде тасымалдау. Жалпы талаптар"


25

4-баптың 4-тармағы

МЕМСТ 19433.3-2010 "Қауіпті жүктер. Таңбалау"


26

МЕМСТ 19433-88 "Қауіпті жүктер. Сыныптау және таңбалау"


27

5-бап

МЕМСТ 32162-2013 "Жарылғыш заттар. Сыныптау"


28

МЕМСТ 19433.1-2010 "Қауіпті жүктер. Сыныптау"


29

5-баптың 1-тармағының 1.3-тармақшасы және 4-тармағы

МЕМСТ 26319-84 "Қауіпті жүктер. Орау"


30

5-баптың 2-тармағының 2.6-тармақшасы

МЕМСТ Р 55782-2013 "Детонацияны қоздыру және беріліс құралдары. Техникалық талаптар"


31

6-бап

МЕМСТ 15.109-97 "Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Өнеркәсіптік жарылғыш материалдар"


32

МЕМСТ 194-80 "Техникалық дифениламин. Техникалық талаптар"


33

МЕМСТ 595-79 "Мақта целлюлозасы. Техникалық талаптар"


34

МЕМСТ 1028-79 "Түтінді оқ-дәрі. Жалпы техникалық талаптар"


35

МЕМСТ 2154-77 "Централит II. Техникалық талаптар"


36

МЕМСТ Р 15.109-93 "Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Өнеркәсіптік жарылғыш материалдар"


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 218 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Жарылғыш заттардың және олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 028/2012) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың ТІЗБЕСІ

№ р/с

Құрылымдық элемент немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу объектісі

Стандарттың белгіленімі және атауы

Ескерту

1 2 3 4
1

4-қосымша

МЕМСТ 4545-88 "Бризантты жарылғыш заттар. Соққыға сезімталдық сипаттамаларын анықтау әдістері"


2

МЕМСТ 4546-81 "Жарылғыш заттар. Фугастылықты анықтау әдістері"


3

МЕМСТ 5984-99 "Жарылғыш заттар. Бризанттылықты анықтау әдістері"


4

МЕМСТ 7102-80 "Пироксилинді және лакты оқ-дәрі. Графиттік үлес салмағын анықтау әдістері"


5

МЕМСТ 7140-98 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Метанды ауа және тозаңды ауа қоспаларында сынау әдістері"


6

МЕМСТ 8061-72 "Түтінді оқ-дәрі. Құрамындағы калий селитраны анықтау әдістері"


7

МЕМСТ 8062-72 "Түтінді оқ-дәрі. Құрамындағы күкіртті анықтау әдісі"


8

МЕМСТ 8063-72 "Түтінді оқ-дәрі. Құрамындағы ылғалды анықтау әдісі"


9

МЕМСТ 8064-72 "Түтінді оқ-дәрі. Фракциялық құрамды анықтау әдісі"


10

МЕМСТ 8065-72 "Түтінді оқ-дәрі. Ылғал тартқыштығын анықтау әдісі"


11

МЕМСТ 8067-72 "Түтінді оқ-дәрі. Дәрілік тозаң мөлшерін анықтау әдісі"


12

МЕМСТ 11131-65 "Жарылғыш заттар. Детонацияны қашықтықта беруге қабілетін анықтау әдісі"


13

МЕМСТ 14839.0-91 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Қабылдау және сынамаларды іріктеу"


14

МЕМСТ 14839.1-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Тротилдің, минералды майдың және нитроэфирлердің үлес салмағын анықтау әдістері"


15

МЕМСТ 14839.2-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Құрамындағы нитроэфирлерді анықтау әдісі"


16

МЕМСТ 14839.3-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Амииак селитрасының үлес салмағын анықтау әдісі"


17

МЕМСТ 14839.4-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Құрамындағы хлорлы тұзды анықтау әдісі"


18

МЕМСТ 14839.5-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Құрамындағы динафталиттегі парафинді анықтау әдісі"


19

МЕМСТ 14839.6-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Құрамындағы карбоксиметилцеллюлоздың натрий тұзын анықтау әдісі"


20

МЕМСТ 14839.7-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Құрамындағы азонқышқылды натрийді (калийді) анықтау әдісі"


21

МЕМСТ 14839.8-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Азотқышқылды кальцийді анықтау әдісі"


22

МЕМСТ 14839.9-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Құрамындағы нитроаминдерді (гексогенді) анықтау әдісі"


23

МЕМСТ 14839.10-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Алюминийдің үлес салмағын анықтау әдістері"


24

МЕМСТ 14839.11-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Құрамындағы ерімейтін заттар мен коллодионды мақтаны анықтау әдістері"


25

МЕМСТ 14839.12-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Құрамындағы ылғалды анықтау әдістері"


26

МЕМСТ 14839.13-2013 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Суға төзімділігін анықтау әдістері"


27

МЕМСТ 14839.14-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Жарылғыш заттың салмағын, 100 г жарылғыш заттағы қағаз бен ылғалды оқшаулайтын қоспаның салмағын анықтау әдісі"


28

МЕМСТ 14839.15-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Детонацияны қашықтықта беруге қабілетін анықтау әдісі"


29

МЕМСТ 14839.16-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Патронның диаметрін бақылау әдістері"


30

МЕМСТ 14839.17-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Түйірөлшемдік құрамды анықтау әдісі"


31

МЕМСТ 14839.18-2013 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Тығыздықты анықтау әдістері"


32

МЕМСТ 14839.19-69 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Детонацияның толықтығын аынқтау әдісі"


33

МЕМСТ 30037-93 "Жарылғыш заттар. Химиялық және физикалық-химиялық талдаулар жүргізуге қойылатын жалпы талаптар"


34

МЕМСТ 32411-2013 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Эмульсияның электрлік сыйымдылығын, тығыздығын және суға төзімділігін анықтау әдістері"


35

МЕМСТ 4117-78 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттарға арналған тротил. Техникалық талаптар"


36

СТ РК МЕМСТ Р 22.2.07-2010 "Өздігінен іске қосылатын жарылғыш заттар. Тұтану температурасын анықтау әдісі"


37

СТ РК МЕМСТ Р 50835-2010 "Бризантты жарылғыш заттар. Соққымен қозғалу кезінде үйкеліске сезімталдығының сипаттамаларын анықтау әдістері"


38

МЕМСТ Р 50835-95 "Бризантты жарылғыш заттар. Соққымен қозғалу кезінде үйкеліске сезімталдығының сипаттамаларын анықтау әдістері"


39

МЕМСТ Р 50843-95 "Өнеркәсіптік жарылғыш заттар. Қабылдау және сынамаларды іріктеу"

01.08.2021 жылға дейін қолданылады


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады