Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық Экономикалық Кеңес комиссиясының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 2 Өкімі

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі туралы ережені бекіту туралы" 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 шешімінің 3-тармағын іске асыру мақсатында:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Басым Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру туралы" 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

В. Габриелян

 
В. Матюшевский

А. Мамин

С. Муканбетов

И. Шувалов

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 2 өкіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы
18 қазандағы № 32 өкіміне енгізілетін өзгерістер ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 2-тармақтағы "13" деген цифрлар "14" деген цифрлармен ауыстырсын.

      2. Көрсетілген өкімге № 1 қосымшада:

      а) бірінші графада мынадай мазмұндағы 10-позициямен толықтырылсын:

      "10. Өнеркәсіптік технологиялар";

      б) екінші графада мынадай мазмұндағы 13-позициямен толықтырылсын:

      "13. Құрылыс индустриясын қамтамасыз етудің өнеркәсіптік технологиялары".

      3. Көрсетілген өкімге № 13 қосымшаның нөмірлік тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне № 13 қосымша".

      5. Мынадай мазмұндағы № 14 қосымшамен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2016 жылғы 18 қазандағы
№ 32 өкіміне
№ 14 ҚОСЫМША

"Құрылыс индустриясын қамтамасыз етудің өнеркәсіптік технологиялары" еуразиялық технологиялық платформасының ПАСПОРТЫ

      1. Құрылтайшылар:

      "Цемент өндірушілер одағы" коммерциялық емес ұйымы (НО "СОЮЗЦЕМЕНТ") (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);

      Армения инновациялық және өнеркәсіптік даму қоры (Ереван қаласы, Армения Республикасы);

      "Белстройцентр" республикалық инженерлік унитарлық кәсіпорны (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);

      И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы).

      2. Мақсаттары:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) құрылыс саласындағы және құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық әлеуетін пайдалануда өзара тиімді іс-қимыл жасауын арттыру;

      инновациялық технологиялар мен бәсекеге қабілетті өнімді жасау және мүше мемлекеттердің нарықтары мен әлемдік нарықта ілгерілету;

      өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық әлеуетті жоғарылату, құрылыс пен құрылыс материалдары өнеркәсібінің технологияларын тиімді пайдалану негізінде мүше мемлекеттердің инновациялық дамуын жеделдету;

      құрылыс пен құрылыс материалдары өнеркәсібінің перспективалы технологияларын, солардың негізінде жоғары технологиялы әрі бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтерді жасау мен енгізуде мемлекеттік, бизнестің, ғылымның, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен ресурстарын шоғырландыру және үйлестіру;

      жоғары технологиялы өнімнің әлемдік нарыққа шығуына жәрдемдесу мақсатында мүше мемлекеттердің технологиялық, ұйымдық және басқарушылық ресурстарын біріктіру, мүше мемлекеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      тұтынушылық нарықты қалыптастыру, құрылыс пен құрылыс материалдары өнеркәсібінің перспективалы технологияларын жасау және енгізу, жаңа құрылыс материалдарын алу мақсатында мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің халықаралық және салааралық кооперациясы мен коммерциялық байланыстарын дамыту.

      3. Міндеттері:

      бәсекеге қабілетті өнім жасау;

      мүше мемлекеттер экономикаларының нақты секторының жаңа технологиялар мен материалдарға мұқтаждығын айқындау;

      жаңа материалдарға қойылатын стандарттарды, техникалық шарттар мен техникалық талаптарды қалыптастыру негізінде бірыңғай стандарттар саясатын әзірлеу;

      мүше мемлекеттердің инновациялық әзірлемелерді пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру;

      мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастығына мониторинг жүргізу.

      4. Қызметтің негізгі бағыттары:

      өндірісті техникалық қайта жарақтандыру, серпінді технологияларды енгізу және өнімділігі жоғары жаңа өндірістерді құру негізінде құрылыс саласы мен құрылыс материалдары өндірісінің өндірістік әлеуетін арттыру;

      экономиканың басым салалары мен халық үшін ғылымды қажет ететін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны шығару көлемін ұлғайту;

      еңбек ресурстарын жаңғырту, жұмысшыларды, менеджерлер мен басқарушы кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту;

      жаңа құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды алу технологияларын дамыту.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады