Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздерінің экожүйесін құру жөніндегі бастаманы пысықтау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 17 өкімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздерінің экожүйесін құру жөніндегі бастаманы пысықтау туралы ақпаратты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бастаманы одан әрі пысықтауға мүдделілігінің бар екенін ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы "Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көліктік дәліздері экожүйесінің тұжырымдамасын әзірлеу" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуді қамтамасыз етсін.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян В.Матюшевский А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады