Қырғыз Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қатысты бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін Қырғыз Республикасының қолданбауы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 21 өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 1-тармағын және 71-бабының 2-тармағын, Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 18 қосымша) 14-тармағын орындау үшін Қырғыз Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қатысты бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін Қырғыз Республикасының қолданбауы мақсатында:

      1. Адал бәсекені қамтамасыз ету және осындай тауарларға қатысты кемсітушілікке жол бермеу мақсатында Қырғыз Республикасының Үкіметінен 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумақтарынан әкелінетін тауарларға салық салу мақсаттары үшін баға белгілеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің ережелерін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына сәйкес келтіру сұралсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян В.Матюшевский А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады