2019 жылы Еуразиялық жобаның 25 жылдығын және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 20 Өкімі

      1.Қоса беріліп отырған 2019 жылы Еуразиялық жобаның 25 жылдығын және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың бағдарламасы бекітілсін.

      2.Еуразиялық экономикалық комиссия:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп 2019 жылы Еуразиялық жобаның 25 жылдығын және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың өткізілуі жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесінің басшылығымен 2019 жылы Еуразиялық жобаның 25 жылдығын және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың өткізілуі жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітсін және осы ұйымдастыру комитетінің қызметін қамтамасыз етсін.

      3.Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің 2018 жылғы
27 қарашадағы №20 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

2019 жылы Еуразиялық жобаның 25 жылдығын және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың БАҒДАРЛАМАСЫ

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі
 

1.Неғұрлым белсенді сарапшылар мен журналистер үшін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің лауазымды адамдары үшін мерекелік рәміздемесі бар кәдесый өнімін сатып алу

2019 жылғы қаңтар – сәуір

2. "Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін" медалін әзірлеу

2019 жылғы қаңтар – сәуір

3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бұрынғы лауазымды адамдарын қоса, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің барлық мүшелерінің қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ туралы фильм дайындау

2019 жылғы қаңтар – сәуір

4. Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің нәтижелері мен перспективаларына арналған 5 анимациялық бейнеролик жасау

2019 жылғы қаңтар – сәуір

5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарында Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды адамдарының Еуразиялық экономикалық интеграция туралы лекцияларын ұйымдастыру

2019 жылғы қаңтар – желтоқсан
 

6.Федералдық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау, жетекші телевизиялық арналардың рейтингтік ақпараттық немесе пікірсайыс бағдарламаларында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің радиостанцияларында Еуразиялық экономикалық интеграцияның оң нәтижелері мен жетістіктері туралы сюжеттер дайындау. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа арналған хабарлар циклын ұйымдастыру

2019 жылғы қаңтар – желтоқсан

7.Бірыңғай стильдік (көркемдік) және техникалық орындаумен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерін және халықаралық қатынас тілдерін пайдалануды ескере отырып) макеттер әзірлеу және халықаралық әуежайлар мен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша кіру пункттерінде "Еуразиялық экономикалық одаққа хош келдіңіз" деген жазуы бар плакаттар орналастыру

2019 жылғы қаңтар – желтоқсан
 

8. Бірыңғай стильдік (көркемдік) және техникалық орындаумен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерін және халықаралық қатынас тілдерін пайдалануды ескере отырып) макеттер әзірлеу және билбордтарда "Еуразиялық экономикалық одаққа 5 жыл" жарнамасын орналастыру

2019 жылғы қаңтар – маусым

9. Бірыңғай стильдік (көркемдік) және техникалық орындаумен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерін және халықаралық қатынас тілдерін пайдалануды ескере отырып) макеттер әзірлеу және көлікте жарнама орналастыру

2019 жылғы қаңтар – маусым

10. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына орайластырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды адамдарының қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына арналған ресми қабылдау ұйымдастыру

2019 жылғы мамыр

11. 2019 Еуразиялық Медиа Форумына қатысу

2019 жылғы мамыр

12. Еуразиялық жобаның 25 жылдығы және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығы құрметіне естелік рәміз орнатуды ұйымдастыру

2019 жылғы қаңтар – мамыр

13. "Еуразиялық жобаға 25 жыл және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 5 жыл" естелік пошта маркаларын шығару және өтеп өшіру

2019 жылғы қаңтар – мамыр

14. 2019 Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысу

2019 жылғы мамыр-маусым

15. "Не? Қайда? Қашан?" ойындарын жүргізу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кубогын әзірлеу

2019 жылғы мамыр-шілде

16. КТК ойындарын жүргізу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кубогын әзірлеу

2019 жылғы мамыр-қыркүйек

17.Елшілер мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының атынан ресми қабылдау ұйымдастыру

2019 жылғы маусым

18. Еуразиялық экономикалық комиссияның спартакиадасы

2019 жылғы маусым

19. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына орайластырылғаен жазғы дипломатиялық ойындарға қатысу

2019 жылғы тамыз

20. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аса ірі жоғары оқу орындарының кітапханаларын Еуразиялық экономикалық комиссия шығаратын баспа өнімдерімен қамтамасыз ету

2019 жылғы қаңтар-желтоқсан

21. Еуразиялық экономикалық комиссия ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастыру

2019 жылғы қазан-қараша

22. 100 адамға арналған түскі ас және 3 кофе-брейк ұйымдастыра отырып, "Еуразиялық экономикалық одақтың бесжылдығының қорытындылары" ғылыми-практикалық конференциясын өткізу

2019 жылғы қазан-желтоқсан

23. Бильярд бойынша Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығына арналған халықаралық турнир ұйымдастыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кубогын әзірлеу

2019 жылғы желтоқсан

24. Еуразиялық экономикалық комиссияның әлеуметтік желілердегі ресми беттері үшін жаңа мұқабалар жасау

2019 жылғы қаңтар-сәуір


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады