Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану және орындау кезінде тамақ өнімдеріне зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін үлгілер (сынамалар) іріктеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 13 ұсынымы

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабының ережелерін ескере отырып, көрсетілген Шарттың 18-бабына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – техникалық регламенттер) талаптарын қолдану және орындау кезінде, соның ішінде тамақ өнімдерінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне міндетті бағалау жүргізу және техникалық регламенттердің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде тамақ өнімдерін зерттеу (сынау) және өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге 2018 жылғы 1 қазаннан бастап халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне енгізілген стандарттарда тамақ өнімдеріне зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін үлгілер (сынамалар) іріктеу кезінде үлгілерді (сынамаларды) іріктеу қағидаларын белгілейтін ережелер болмаған жағдайда, қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану және орындау кезінде тамақ өнімдеріне зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін үлгілер (сынамалар) іріктеу қағидаларын басшылыққа алуды ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
К.Минасян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 13 ұсынымына
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану және орындау кезінде тамақ өнімдеріне зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін үлгілер (сынамалар) іріктеу ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы Қағидалар тамақ өнімдеріне зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін үлгілер (сынамалар) іріктеудің жалпы тәртібін (соның ішінде тамақ өнімдерінің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу рәсімдерінің дәйектілігін), көрсетілген үлгілерді (сынамаларды) сақтау, тасымалдау және жеткізу шарттарына қойылатын жалпы талаптарды айқындайды және тамақ өнімдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, техникалық регламенттер) талаптарына сәйкестігіне міндетті бағалау жүргізу және техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде қолданылады.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төмендегілерді білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "сұрыптама" – партиядан іріктеп алынған біртекті тамақ өнімдерінің жиынтығы;

      "менеджмент жүйесінің құжаттары" – мемлекетаралық немесе ұлттық стандартқа, ISO/IЕС 17025 эквиваленттік халықаралық стандартына сәйкестікті растайтын, тамақ өнімдеріне қатысты орындалатын әрекеттердің немесе рәсімдердің дәйектілігі туралы ақпаратты, сондай-ақ осындай әрекеттер (рәсімдер) және қол жеткізілген нәтижелер туралы объективтік куәліктерді (жазбаларды) қамтитын аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) құжаттары;

      "бақылаулық үлгі (сынама)" – даулар туындаған жағдайда тамақ өнімдеріне қайталама зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін іріктеп алынған үлгінің (орташа сынаманың) бір бөлігі;

      "зертханалық үлгі (сынама)" – тамақ өнімдеріне зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу мақсатында аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) немесе өзге де сынақ зертханасына жеткізу үшін іріктеп алынған үлгі (сынама);

      "үлгі (сынама)" – тамақ өнімдеріне зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін тамақ өнімдерінің зерттелетін жиынтығынан іріктеп алынған осы өнімдердің бірлігі немесе олардың бір бөлігі. Бұл ретте "сынама" ұғымы тамақ өнімдерінің бір бөлігін белгілеу үшін, "үлгі" ұғымы – дара (қапталған) тамақ өнімдерін белгілеу үшін қолданылады;

      "біріктірілген сынама" – біртекті тамақ өнімдерінен іріктеп алынған бірдей нүктелік сынамалардың жиынтығы;

      "біртекті тамақ өнімдері" – бір дайындаушы бір ғана құжатқа (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) сәйкес белгілі бір уақыт аралығында өндірген, бірдей қапталған және оларға тауарға ілеспе бір құжат қоса берілетін бір атаудағы тамақ өнімдері;

      "үлгілерді (сынамаларды) іріктеу" – тамақ өнімінен үлгілер (сынамалар) алу рәсімі;

      "партия" – біртекті тамақ өнімдерінің белгілі бір мөлшері;

      "зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер бағдарламасы – зерттеу (сынау) және өлшеу объектісінің атауын, тамақ өнімдерінің айқындауға тағайындалған көрсеткіштерінің атауларын, іріктеп алынатын үлгілердің (сынамалардың) саны туралы мәліметтерді, сондай-ақ техникалық регламенттердің атауларын және (немесе) белгіленімдерін (тамақ өнімдерінің айқындау үшін тағайындалған көрсеткіштерінің нормаланған мәнін белгілейтін тармақтар көрсетіле отырып) қамтитын құжат;

      "арнайы мүкәммал" – жабдыққа жатпауы мүмкін, бірақ әр алуан түрлердегі тамақ өнімдерінің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу кезінде пайдаланылатын техникалық мақсаттағы заттар;

      "орташа сынама" – зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізуге арналған біріктірілген сынаманың ұсынылатын бөлігі;

      "нүктелік сынама" – біріктірілген немесе орташа сынама жасау үшін белгілі бір партияның тамақ өнімдерінен бір қабылдауға арнап іріктеп алынған тамақ өнімдерінің ең аз мөлшері.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде айқындалған мәндерде қолданылады.

      3. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеуді іріктелетін тамақ өнімдеріне қатысы бар шаруашылық жүргізуші субъект өкілінің қатысуымен біліктілігіне қойылатын талаптар Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тұлғалар (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, өкілетті тұлғалар) жүзеге асырады, олар ретінде мыналар әрекет етуі мүмкін:

      а) тамақ өнімдерінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне міндетті бағалау жүргізу кезінде – өтініш беруші не өтініш беруші уәкілеттік берген тұлға, осы тұлға ретінде аккредиттеу саласы тамақ өнімдеріне қолданылатын Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау жөніндегі аккредиттелген орган немесе аккредиттеу саласы үлгілерді (сынамаларды) іріктеуді көздейтін аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі – аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы)), не өзге де сынақ зертханасы әрекет етуі мүмкін;

      б) мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мүше мемлекеттер органдарының өкілдері. Аккредиттелген сынақ зертханасын (орталығын) тарту мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

      4. Егер мүше мемлекеттің заңнамасында ондай талап белгіленген жағдайда үлгілерді (сынамаларды) іріктеуге уәкілеттік беру осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу оның барлық кезеңдерінде қауіпсіздік техникасының қағидалары сақтала отырып жүзеге асырылады.

      6. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу уәкілетті тұлға әзірлейтін зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер бағдарламасы жеке құжат түрінде ресімделеді немесе қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған үлгілерді (сынамаларды) іріктеу актісінде (бұдан әрі – іріктеу актісі) келтіріледі.

      7. Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне енгізілген стандарттарда тиісті талаптар болмаған жағдайда, іріктеп алынатын тамақ өнімдерінің мөлшері зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер әдістемесі ескеріле отырып, зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер бағдарламасында айқындалады.

      8. Уәкілетті адамдар арнайы киіммен, өлшеу құралдарымен және арнайы мүкәммалмен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім қажет болған жағдайда қолданылады.

      9. Біртекті еместігінің жоғары ықтималдығы бар және айқындалатын көрсеткіштерінің мәндері айтарлықтай құбылмалы тамақ өнімдеріне (мысалы, қосалқы өнімдер партиялары) зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу кезінде іріктеп алынған тамақ өнімінің сапасын және біртектілігін сипаттауға мүмкіндік беретін үлгілерді (сынамаларды) эмприкалық (нүктелік) іріктеу қолданылады.

      Біртектілік дәрежесі жоғары (мысалы, 1 сортты бидай ұнының партиялары) тамақ өнімдері партияларына зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу кезінде біріктірілген сынама іріктеп алынады.

      Біріктірілген сынама қалыптастыру және одан орташа сынаманы бөліп алу кезінде іріктелетін үлгілердің (сынамалардың) мөлшері және массасы бақылау және зертханалық сынамалар жасау үшін жеткілікті болуға тиіс.

      10. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу кезінде тамақ өнімін сырттай қарау және оны сақтау шарттарын бағалау жүзеге асырылады.

      11. Тамақ өнімін сырттай қарау кезінде тұтынушылық қаптаманың (ыдыстың) (бұдан әрі – қаптама (ыдыс)) сыртқы түрі, тамақ өнімдерінің сұрыптамаға түскен және (немесе) сұрыптама бірліктеріндегі тамақ өнімдерінің бірліктері бағаланады, олар шартты түрде төмпендегілерге бөлінеді:

      а) қалыпты (қарау кезінде физикалық, химиялық факторлардан немесе микроорганизмдердің дамуынан туындаған ауытқулар анықталмады);

      б) күмәнді (қарау кезінде физикалық әсердің, микробтың бүлдіруі салдарынан да, сондай-ақ тамақ өніміндегі химиялық және биохимиялық реакциялардың салдарынан да туындауы мүмкін бір немесе бірнеше ауытқу анықталды);

      в) бүлінген (қарау кезінде қаптаманың (ыдыстың) және (немесе) тамақ өнімінің айқын көрінетін кемшіліктері (ісінуі, торсюы, ашуы, көгеруі, шіруі, шырыштануы, қышқылдануы) анықталды.

      12. Сұрыптаманы қалыптастыру кезінде уәкілетті адам партияның біртектілігін және үлгілердің (сынамалардың) ұсынымдылығын айқындайды.

      13. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу кезінде партияның біртектілігін айқындау тамақ өнімінің зерттеуге (сынауға) келіп түскенін растау және біртектілігін өлшеу мақсатында жүзеге асырылады.

      14. Біртектілікті айқындау кезінде қажет болған жағдайда дозиметриялық бақылау нәтижелері ескеріледі.

      15. Партиядағы тамақ өнімінің біртекті еместігі анықталған жағдайда (мысалы, дозиметриялық бақылау кезінде) үлгілер (сынамалар) біртекті бөліктердің тиісті санына бөлінеді. Одан әрі партияның біртектілігін қайталап бағалау жүргізіледі. Біртектілікке қол жеткізілген кезде зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін үлгілердің (сынамалардың) қажетті мөлшерін іріктеу жүзеге асырылады.

      16. Тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген үлгілерді (сынамаларды) сырттай қарау ақпаратының (сапаны бақылау туралы ақпараттың) негізінде тамақ өнімінің бірдейлігі (бірдей еместігі) туралы қорытынды жасалады, ол іріктеу актісінде келтіріледі.

      17. Іріктеп алынатын тамақ өнімінің сәйкестендіру мәліметтері іріктеу актісінің тиісті бөлімінде (осы Қағидаларға қосымшада көзделген нысан кестесінің 2 – 7-бағандары) және тамақ өнімін зерттеу (сынау) және өлшеу хаттамасында көрсетіледі.

      18. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу кезінде мыналар қажет:

      а) сенсорлық талдау жүргізу үшін үлгілердің (сынамалардың) дәмін, түсін және иісін өзгертуге қабілетті емес қаптаманы (сейф-пакетті) пайдалану қажет. Үлгімен (сынамамен) байланысқа түсетін қаптаманың (сейф-пакеттің) материалы суға және майға төзімді, ерімейтін және сіңірмейтін болуға тиіс және тамақ өнімінің бастапқы органолептикалық көрсеткіштерін (сыртқы түрін, нысанын және текстурасын), сондай-ақ сапалық сипаттамаларын өзгертпеуге тиіс;

      б) микробиологиялық көрсеткіштерін айқындау үшін стерильдік аспаптарды және (немесе) арнайы мүкәммалды, сондай-ақ тасымалдау және сақтау кезінде сыртқы ластанудан және бүлінуден жеткілікті қорғауды қамтамасыз ететін бір реттік стерильдік пакеттерді (ыдысты) немесе контейнерлерді пайдалану қажет;

      в) іріктеу актісінде көрсетілетін үй-жай немесе көлік құралы микроклиматының параметрлерін, сондай-ақ қаптаманың (ыдыстың) және (немесе) үлгінің (сынаманың) тазалығының визуалдық дәрежесін ескеру;

      г) зерттеулерді (сынақтарды) және өлшемдерді уақтылы жүргізу мақсатында тамақ өнімдерінің белгіленген жарамдылық мерзімдерін ескеру;

      д) қажетті сипаттамалары (өлшеу диапазоны, дәлсіздігі (дәлдігі)) бар өлшеу құралдарының болуын, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тексеруді орындауды қамтамасыз ету қажет.

      19. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу таза, құрғақ, қажет болған жағдайда стерильді арнайы мүкәммалмен (щуппен, қасықпен, шпателмен, пинцетпен, қысқыштармен, пышақпен, қалақпен, шөмішпен, ожаумен және т.б. (соның ішінде осы Қағидалардың 18-тармағының "б" тармақшасында көрсетілген мүкәммалмен)) жүзеге асырылады.

      20. Іріктеп алынған үлгілер (сынамалар) партиядан оқшауланады, қаптамаға (сейф-пакетке) орналастырылады және үлгілерді (сынамаларды) іріктеу жүзеге асырылатын жерде оларға мөр басылады немесе пломбаланады.

      21. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу іріктеу актісімен ресімделеді.

      22. Үлгілердің (сынамалардың) қаптамасы (сейф-пакеті) рұқсатсыз ашылғаны оңай айқындалатын түрде жабылады (қаптама (сейф-пакет) пломбаланады немесе оған мөр басылады). Қаптамаға (сейф-пакетке) "Тамақ өнімінің №____зертханалық үлгісі (сынамасы)" немесе "Тамақ өнімінің №____бақылаулық үлгісі (сынамасы)" деген жазба түрінде (іріктеу актісінің нөмірін көрсетумен) үлгінің (сынаманың) тағайындалуы туралы ақпарат жазылады.

      23. Қажет болған жағдайда тамақ өніміне жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер хаттамасы берілгенге дейін менеджмент жүйесі құжаттарында немесе сынақ зертханасының құжаттарында көзделген тәртіппен үлгілерге (сынамаларға) нөмірлер беру (үлгілерді (сынамаларды) шифрлау)) жүзеге асырылады.

      24. Бақылаудық үлгі (сынама) тамақ өнімі оған сәйкес дайындалған құжаттың (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) талаптарына сәйкес сейф-пакетте немесе пломбаланған (мөр басылған) түрде сақталады және уәкілетті тұлғада, аккредиттелген сынақ зертханасында (орталығында) немесе зерттеулерді (сынақтарды) және өлшемдерді жүргізген сынақ зертханасында, не тамақ өнімінің иесінде оның жарамдылық мерзімі өткенге дейін, бірақ зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер аяқталғаннан кейін күнтізбелік 14 күннен аспайтын, ал үлгінің (сынаманың) техникалық регламенттің талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда – тамақ өнімінің жарамдылық мерзімі өткенге дейін, бірақ мүдделі тұлғаларға зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің нәтижелері туралы хабарланған күннен бастап 3 айдан аспайтын мерзімде сақталуы мүмкін. Бақылаудық үлгіні (сынаманы) сақтау орны, сондай-ақ сейф-пакеттің нөмірі немесе пломбаның нөмірі іріктеу актісінде көрсетіледі.

      25. Егер бақылаулық үлгі (сынама) үлгілерді (сынамаларды) іріктеу кезінде ерекшеленбеген жағдайда тиісті жазба келтіріледі. Бұл ретте аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) немесе өзге де сынақ зертханасына орташа сынама жеткізіледі, зертханалық және бақылаулық үлгілер (сынамалар) жеткізілген орташа сынамадан бөліп алынады. Мүмкіндігінше бақылаулық үлгінің (сынаманың) массасы осы Қағидалардың 11-тармағының ережелерін ескергенде, зертханалық үлгінің (сынаманың) массасына сәйкес болуға тиіс.

      26. Үлгілер (сынамалар) үлгінің (сынаманың) жай-күйіне әсер етілмей қапталады, сақталады және тасымалданады.

      27. Қаптаманы (ыдысты) және (немесе) қаптаманы (сейф-пакетті) ашу кезінде іріктеп алынған үлгіге (сынамаға) бөгде материалдың түспеуін болдырмау қажет.

      28. Үлгілерді (сынамаларды) аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) немесе өзге де сынақ зертханасына жеткізуді іріктеп алынатын тамақ өніміне қатысы бар шаруашылық жүргізуші субъектінің өкілі немесе, егер бұл үлгілерді (сынамаларды) іріктеу жөніндегі жұмысты орындау туралы шартта көзделсе, уәкілетті тұлға жүзеге асырады.

      Мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде үлгілерді (сынамаларды) аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) жеткізуді тамақ өнімдерінің иелеріне немесе олардың өкілдеріне жүктемеу қажет.

      29. Үлгілерді (сынамаларды) тасымалдау үлгілердің (сынамалардың) жай-күйінің, құрамының және сапасының сақталуын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.

      30. Тамақ өнімдерін сақтау мен тасымалдаудың ерекше шарттары белгіленетін талаптар (саңылаусыз қаптама (ыдыс), арнайы температуралық шарттар және басқа да шарттар) болған жағдайда, іріктеп алынған үлгілерді (сынамаларды) тасымалдау тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген шарттарда жүзеге асырылады.

      Үлгілер (сынамалар) іріктелген сәттен бастап олар зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін берілгенге дейін тамақ ьөнімдерін сақтаудың дайындаушы белгілеген шарттары сақталады.

      Іріктеу актісінде үлгілерді (сынамаларды) аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) немесе өзге де сынақ зертханасына тасымалдау шарттары туралы жазба жүргізіледі.

      31. Сақтау мен тасымалдаудың ерекше шарттары көзделген тамақ өнімінің үлгілері (сынамалары) аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) немесе өзге де сынақ зертханасына қаптамада (ыдыста) немесе тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген жарамдылық мерзімдерінен кешіктірілмей тиісті температуралық режимдер жағдайында тоңазытқыштарға немесе термоконтейнерлерге салынып жеткізіледі.

      32. Біріктірілген сынамаларды жеткізу мерзімі іріктеу сәтінен бастап 6 сағаттан аспайды.

      33. Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу туралы ақпарат (олардың жеткізілу уақытын және сәйкестендіру мәліметтерін қоса алғанда) қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде немесе менеджмент жүйесінің құжаттарына немесе сынақ зертханасының құжаттарына сәйкес электрондық түрде тіркеледі.

      Көрсетілген ақпаратты сақтау мерзімі мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      34. Мынадай жағдайларда:

      жеткізу осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мерзімде жеткізілген, не үлгілердің (сынамалардың) жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен немесе зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер басталғанға дейін өтіп кететін;

      іріктеу актісі болмаған;

      жеткізілген үлгілер (сынамалар) іріктеу актісінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген (мысалы сыртқы түрі мәлімделгеннен ерекшеленеді);

      үлгілердің (сынамалардың) мөр басылған қаптамасының (сейф-пакетінің) бүтіндігі бұзылған үлгілер (сынамалар) зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін қабылданбайды.

      Бұл ретте іріктеу актісінде үлгілерді (сынамаларды) қабылдаудан бас тарту туралы ақпарат көрсетіледі.

      Қабылданбаған үлгілер (сынамалар) тауарға ілеспе құжаттармен бірге оларды жеткізген тұлғаға қайтарылады.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттерінің
талаптарын қолдану және
орындау кезінде тамақ
өнімдеріне зерттеулер
(сынақтар) және өлшемдер
жүргізу үшін үлгілер
(сынамалар) іріктеу
қағидаларына
ҚОСЫМША

Тамақ өнімдерінің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу АКТІСІ

      20____ж. _____________ №____

Іріктеу кезеңі

__________
(басталуы)

________(аяқталуы)

      Мен,____________________________________________________________,

      (іріктеуді жүзеге асыратын уәкілетті адамның лауазымы, Т.А.Ә.)

      ______________________________________________________________

      (объект (іріктеу орны), мекенжайы (бар болған жағдайда) іріктеу орны)

      ________________________________________________________қатысуымен

      (іріктелетін тамақ өніміне қатысы бар шаруашылық

      __________________________________________________________________

      жүргізуші субъектінің лауазымы, Т.А.Ә.)

      үлгілер (сынамалар)___________________________________________іріктелді

      (тамақ өнімінің атауы)

      Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу мақсаты________________________________

      (тамақ өнімінің сәйкестігін бағалау,

      __________________________________________________________________________

      Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері

      __________________________________________________________________________

      талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау))

      Өтініш берушінің (сәйкестікті бағалау мақсатында іріктеу жүргізу жағдайында) немесе

      мемлекеттік бақылау (қадағалау) органының (мемлекеттік бақылау (қадағалау)

      мақсатында іріктеу жүргізілген жағдайда) атауы, орналасқан жері

      (мекенжайы)_______________________________________________________

      Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу _____________________________________________________

      (іріктеу оған сәйкес

      __________________________________________________________________________

      жүзеге асырылған құжат)

      ________________________________________________________сәйкестігіне

      (талаптарының сәйкестігіне зерттеу (сынау) және

      __________________________________________________________________________

      өлшемдер жүргізілетін құжат (тағайындалған көрсеткіштердің нормаланған

      __________________________________________________________жүзеге асырылды

      мәндері белгіленетін тармақтарын көрсетумен)

      Үлгілер (сынамалар) туралы сәйкестендіру мәліметтері:

Р/с №

Тамақ өнімі үлгісінің (сынамасының) атауы

Дайындаушы*

Өнімнің штрих-коды, тауарға ілеспе құжаттары, өнім партиясының нөмірі және басқа да ақпарат (бар болған жағдайда)

Өлшем бірлігі

Партия саны (іріктеу сәтіндегі қалдық)

Тамақ өнімінің дайындалған күні және (немесе) жарамдылық мерзімі

Зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу үшін іріктелген зартханалық үлгілердің (сынамалардың) мөлшері (массасы, көлемі, алаңы және т.б.)

Іріктеп алынған үлгілердің (сынамалардың) мөлшері (массасы, көлемі, алаңы және т.б.)

Зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер мақсаты (зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер бағдарламасы) немесе айқындау үшін тағайындалған көрсеткіштері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      * Дайындаушының атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнім дайындау жөніндегі қызметін жүзеге асыратын орны (заңды тұлға үшін), тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және өнім дайындау жөніндегі қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін) көрсетіледі.

      Өнімді сырттай қарап шығу нәтижелері_______________________________

      (тамақ өнімдерінің қаралған бірліктерінің

      __________________________________________________________________

      саны, қаралған тамақ өнімдерінің көлік, тұтынушы қаптамасының (ыдысының)

      __________________________________________________________________

      және таңбалануының сипаттамасы, көзге көрінетін ақауларының болуы,

      __________________________________________________________________

      тамақ өнімдері партиясының сапасы, қаптамасы және таңбалануы

      __________________________________________________________________

      бойынша тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі,

      __________________________________________________________________

      дозиметриялық бақылау нәтижелері туралы мәліметтер,

      __________________________________________________________________

      өлшеу құралының атауы және типі, тексеру туралы куәлік)

      Сақтау шарттары және орны_______________________________________

      (сақтау орнының жай-күйі, тамақ өнімдерін

      __________________________________________________________________

      сақтау және тасымалдау кезіндегі микроклимат)

      Іріктеп алынған зертханалық үлгілер (сынамалар) қаптамаға (сейф-пакетке)

      орналастырылды, мөрленді және зертханалық зерттеу (сынақ) және өлшемдер жүргізу

      үшін __________________________________________________________

      (аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының)

      _________________________________________________________жіберілді немесе

      өзге де сынақ зертханасының атауы)

      Іріктелген бақылаулық үлгілер (сынамалар) қаптамаға (сейф-пакетке)

      орналастырылды, мөрленді және _____________________________________________

      (бақылаулық үлгілердің (сынамалардың)

      ______________________________________________________________________тұр

      орналасқан жерін көрсету)

      Өзге де мәліметтер_________________________________________________________

___________________
(іріктеуді жүзеге асырған адамның лауазымы)

______________
(қолы)

_____________________
(Т. А. Ә.)

_____________________
(қатысуымен іріктеу жүзеге
асырылған адамның лауазымы)

_______________
(қолы)

_____________________
(Т. А. Ә.)

      Үлгілерді (сынамаларды) іріктеу актісі __ данада жасалды:

      __________________________________________________________________________

      (тамақ өнімдері үлгілерін (сынамаларын) іріктеу актісінің даналары

      __________________________________________________________________________

      жіберілетін тұлғалар (ұйымдар))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады