Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне органикалық химиялық қосылыстардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап:
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 21 ұсынымына № 1 қосымша) мынадай өзгерісті ескере отырып қолдануды ұсынады:
VІ томның 29-тобындағы ЕАЭО СЭҚ ТН "2921 49 000 0" деген коды "2921 49 000 1 және 2921 49 000 9" деген сөздермен ауыстырылсын.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |