Еуразиялық экономикалық одаққа бір мүше мемлекеттің тасымалдаушыларының басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзиттік автомобильдік жүк тасымалдарының еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 30 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 3 шешімімен бекітілген 2018-2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарының 33-тармағына сәйкес,

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап мүше мемлекеттердің транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мынадай шаралар қабылдауды:

      бір мүше мемлекеттің тасымалдаушыларының басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзиттік автомобильдік жүк тасымалдарының жай-күйіне мониторинг және олардың дамуына талдау жүргізуді;

      Еуропа мен Азияның арасындағы көліктік-экономикалық байланыстарды іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың географиялық артықшылықтарын пайдалану мақсатында ең озық практикаларды талдауды және енгізуді;

      бір мүше мемлекеттің тасымалдаушыларының басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзиттік автомобильдік жүк тасымалдарын жүзеге асыруға әсер ететін проблемалық мәселелерді (кедергілерді) анықтауды, осындай мәселелерді реттеу бойынша ұсыныстар дайындауды (соның ішінде ең озық халықаралық практикаларды ескере отырып) және қажет болған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының қарауы және оларды шешу бойынша шаралар қабылдауы мақсатында оларды Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады