Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларында үшінші елдердің тасымалдаушыларымен арада туындайтын даулы жағдайларды реттеуге, Одақтың аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдары шарттарын бұзушылықтар анықталған жағдайда көлік құралдарын қайтаруға қолданылатын жалпы тәсілдемелер туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 31 ұсынымы.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 3 шешімімен бекітілген 2018-2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарының 34-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) сыртқы шекарасында орналасқан бақылау пункттерінде көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру кезінде халықаралық автомобиль тасымалдары шарттарын бұзушылықтар анықталған жағдайда үшінші елдердің тасымалдаушыларымен арада туындайтын даулы жағдайларды реттеу үшін,

      Одаққа мүше мемлекеттерге (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) осы Ұсыным Одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:

      1. Үшінші елдің тасымалдаушысы мен мүше мемлекеттің Одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыратын органының арасында көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкестігіне (сәйкессіздігіне), Одақ органдарының актілерінде және мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген құжаттардың болмауына немесе олардың белгіленген талаптарға сәйкессіздігіне қатысты туындайтын және оларды реттеу үшін бақылаушы органның көлік құралын өткізу, кері қайтару немесе кідірту туралы шешім қабылдауы мақсатында басқа мүше мемлекеттің көліктік (автомобильдік) бақылау органынан қосымша ақпарат алу талап етілетін келіспеушілікті даулы жағдай ретінде қарастыруды ұсынады.

      2. Мыналарды:

      а) даулы жағдайлар туындаған кезде мүше мемлекеттердің көліктік (автомобильдік) бақылау органдарының арасында жедел өзара іс-қимылды;

      б) мүше мемлекеттердің даулы жағдайларды шешу мәселелері бойынша өзара іс-қимылға уәкілетті көліктік (автомобильдік) бақылау органдарының арасында байланыс деректерімен, сондай-ақ жетіспейтін құжаттарды ұсыну және бақыланатын параметрлердің сәйкессіздігінің жойылуын растау туралы берілген хабарламалар туралы ақпарат олардың мекенжайына жіберілетін бақылау пункттері туралы ақпаратпен алмасуды;

      в) көліктік (автомобильдік) бақылау органдарының арасында мүше мемлекеттердің үшінші елдермен жасасқан халықаралық автомобильдік тасымалдар саласындағы халықаралық шарттарының көшірмелерімен (соның ішінде оларға енгізілген өзгерістер туралы ақпаратпен) тұрақты алмасуды ұйымдастыруды қамтамасыз етуді ұсынады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады