Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Еуразиялық интеграция идеясының авторы ретіндегі айрықша рөлін танып және бағалай отырып, сондай-ақ оның Еуразиялық экономикалық одақты құруға, дамытуға және нығайтуға қосқан үлесін ескере келе, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа "Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы" атағы берілсін.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарына қатысуға, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде позициясын білдіруге, Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі мен одан әрі дамуы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы деп белгіленсін.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
---|