Еуразиялық экономикалық форум туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы № 16 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы кооперациялық байланыстарды қалыптастыру және мүше мемлекеттердің инвестициялық және инновациялық әлеуетін біріктіруден синегретикалық нәтижеге қол жеткізу мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. "Еуразиялық апта" форумы Еуразиялық экономикалық форум болып қайта құрылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық форум жыл сайын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде төрағалық ететін мүше мемлекетте (бұдан әрі - Одақ органдарында төрағалық ететін мүше мемлекет) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына орайластырылып өткізілсін.

      3. Еуразиялық экономикалық форумды ұйымдастыру мен өткізуді Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ органдарында төрағалық ететін мүше мемлекетпен өзара іс-қимыл жасай отырып, басқа мүше мемлекеттердің жәрдемімен жүзеге асырады деп белгіленсін.

      4. Еуразиялық экономикалық форумды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыру Одақ органдарында төрағалық ететін мүше мемлекеттің Еуразиялық экономикалық форумның күн тәртібіне ол енгізген мәселелер бойынша қаржылық жәрдемімен Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақтың 2020 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған бюджетінде Еуразиялық экономикалық форум өткізуге тиісті шығыстарды көздестірсін.

      5. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп Еуразиялық экономикалық форум туралы ереженің жобасын әзірлесін және оны Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің бекітуіне ұсынсын.

      6. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын және оған орайластырылған Еуразиялық экономикалық форумның өткізілетін уақыты мен орнын жоспарлау кезінде аталған іс-шараларды Одақ органдарында төрағалық ететін мүше мемлекетте өткізілетін ірі экономикалық форумдармен қоса өткізу мүмкіндігі қарастырылсын.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады