Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 24 шешімімен бекітілген Қызметтер көрсету саудасын реттеу, құру және қызметі қағидаларында көзделген ережелерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2017-2018 жылдардағы орындау мониторингі нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын назарға ала отырып:
1.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия:
а) Қызметтер көрсету саудасын реттеу, құру және қызметі қағидаларында көзделген ережелерді іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырсын;
б) Қызметтер көрсету саудасын реттеу, құру және қызметі қағидаларында көзделген ережелерді іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізген кезде мониторинг нәтижелерін ескерсін.
2.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Республикасынан |