2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 26 наурыздағы "Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" № 55 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 7 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 55 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауындағы және 1-тармақтағы "өнімнің сәйкестігіне бағалауды (растауды)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігіне бағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынаулар) және өлшеулер қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Кеден одағының ""Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 007/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігіне бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:
а) атауындағы "өнімнің сәйкестігіне бағалауды (растауды)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 7-бағанның атауындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) мынадай мазмұндағы 33 – 48-позициялармен толықтырылсын:
"
33 | 61.060 | Балалар аяқкиімі. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 26165-2003 қайта қарау | 3-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
34 | 83.140 |
Резеңке және латекстік бұйымдар. Санитариялық-химиялық зерттеулер. | 4-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Беларусь Республикасы |
35 | 83.140 | Балалар латекс емізіктері. Техникалық шарттар. МЕМСТ Р 51068-97 негізінде МЕМСТ әзірлеу | 4-бап | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
36 | 83.140 |
Пластмассадан жасалған шаруашылық мақсаттағы ыдыс-аяқ және бұйымдар. Жалпы техникалық шарттар. | 4-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Қазақстан Республикасы |
37 |
77.140 |
Тоттануға төзімді болаттан жасалған асханалық аспаптар және асүй керек-жарақтары. Жалпы техникалық шарттар. | 4-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
38 | 81.040.30 | Шыныдан жасалған ыдыс-аяқ және декорациялық бұйымдар. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 30407-96 қайта қарау | 4-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
39 | 61.020 | Пальто-костюм сырт киімі ассортименті. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 25295-2003 қайта қарау | 5-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
40 | 61.020 | Көйлек-блузка ассортименті. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 25294-2003 қайта қарау | 5-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
41 | 97.040.60 | Болаттан жасаған эмаль жағылған шаруашылық ыдысы. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 24788-2001 қайта қарау | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
42 | 97.170 | Тіс щеткалары. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 6388-91 (ИСО 8627-87) қайта қарау | 4-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
43 | 85.080 |
Балалардың қағаз жаялықтары. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ Р 52557-2011 қайта қарау | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
44 | 83.140 | Агидол-2, N-нитрозаминді (хлорлы метиленмен бөліп алу), N-нитроз түзетіндерді (жасанды сілекеймен бөліп алу), циматты (мырыш диметилдитиокарбаматы), фтал ангидридін айқындау әдістемесі. МЕМСТ әзірлеу | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
45 | 61.020 | Сыртқы жейделер. Жалпы техникалық шарттар. МЕМСТ 30327-2013 қайта қарау | 5-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
46 | 61.020 | Дөңгелек шұлық автоматтарда өндірілетін колготкалар мен легинстер. Жалпы техникалық шарттар. БСТ 1301-2002 негізінде МЕМСТ әзірлеу | 5-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Беларусь Республикасы |
47 | 61.060 | Аяқкиім. Материалдарды құрғақ және дымқыл үйкеліске түскендегі бояудың орнықтылығын сынау әдісі. МЕМСТ әзірлеу | 6-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Беларусь Республикасы |
48 | 85.080 |
Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары. Гигиеналық талаптар. | 8-бап | 2019 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
".