2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мынадай:
а) Кеден одағының "Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі" техникалық регламентіне (КО ТР 022/2011) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 75 шешімімен енгізілген өзгерістер күшіне енген күннен бастап 24 ай ішінде Кеден Одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі" техникалық регламентінде (КО ТР 022/2011) оны таңбалау бөлігінде белгіленген міндетті талаптарға сәйкес тамақ өнімінің өндірілуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналысқа шығарылуына жол беріледі;
б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген өнімнің айналысына әзірлеуші белгілеген оның жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |