Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 15 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 қарашадағы № 143 шешімімен бекітілген Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет туралы ережеге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) мынадай мазмұндағы 91-тармақпен толықтырылсын:

      "91. Комитет төрағасының орынбасары болып Комиссияның Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімшесінің басшысы тағайындалады.

      Комитет төрағасы болмаған жағдайда Комитет төрағасының орынбасары осы Ереженің 9-тармағында көзделген төрағаның функцияларын орындайды.";

      б) 12-тармақта:

      "сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;

      "өкілдері" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) 14-тармақта "жартыжылдықта" деген сөз "жылына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      г) 19-тармақта "жібереді." деген сөзден кейін ", сондай-ақ оны Одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді" деген сөздермен толықтырылсын.

      д) 23-тармақтың бесінші абзацы "жібереді." деген сөзден кейін "және оны Одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етеді" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады