Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Өздігінен жүретін конструкциялы жартылай тіркемеге арналған, жинақталмаған түрдегі бұйымды білдіретін, ауыспалы қиманың күрделі эллипстік нысанының герметикалық сыйымдылығы болып табылатын, алдыңғы бөлігінде ершікті-тіркеме құрылғысының плитасымен бекітілген және түбінің артқы бөлігіне бойлық арқалықтармен және көлденең траверстермен бекітілген, жоғарғы және (немесе) төменгі құю жүйесімен, құюды шектеу жүйесімен, сорғы жабдығымен, тежеу жүйесімен, электр жабдығымен жасақталған, сұйық өнімдерді тасымалдауға, уақытша сақтауға және қайта айдауға арналған цистерна Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 2 (а) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8716 31 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |