2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) алюминий электролизіне арналған көмір-графит өнімінің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай мазмұндағы 52С және 53С ескертпелермен толықтырылсын:
"52С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 32 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.04.2020 дейінгі аралықта қолданылады.";
"53С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 5 (бес) % мөлшеріндегі ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 32 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 30.04.2020 дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 32 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТК коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен не АҚШ долларымен) | |
8545 19 000 0 | – – | өзгелері | 552С) |
8545 90 900 0 | – – | өзгелері | 12,553С) |