Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанатын табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО TP 046/2018) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 39 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 38-тармағының бесінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанатын табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО TP 046/2018) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге (бұдан әрі тиісінше – өнім, техникалық регламент) қатысты техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін актілерде немесе Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2023 жылғы 1 шілдеден асырылмайтын мерзімге жарамды;

      техникалық регламент күшіне енген күннен бастап Одақтың құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға өнімнің сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды беруге немесе қабылдауға жол берілмейді;

      б) техникалық регламент күшіне енген күнге дейін Одақтың құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін міндетті бағалауға жатпайтын өнімді Одақтың аумағында өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналыс белгісімен) таңбалаусыз 2023 жылғы 1 шілдеге дейін өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      в) Одақтың құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкес техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар болған кезде, өнімді 2023 жылғы 1 шілдеге дейін Одақтың аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі.

      Өнім мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық сәйкестік белгісімен (нарықтағы айналыс белгісімен) таңбаланады. Мұндай өнімді Одақ нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға жол берілмейді деп белгіленсін.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметінен мүше мемлекеттермен бірлесіп, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін:

      а) техникалық регламентті қолдану және оның талаптарын орындау және өнімнің сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның жобасын;

      б) кедендік декларацияны беру техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен бірге жүретін өнім тізбесінің жобасын әзірлеуді және оларды Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады