Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері түрлерінің сыныптауышы (бұдан әрі – сыныптауыш) бекітілсін.
2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Мынадай:
сыныптауыш осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;
сыныптауышқа қатысты оператор функцияларын Еуразиялық экономикалық комиссия орындайды;
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде сыныптауыштың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 51 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері түрлерінің СЫНЫПТАУЫШЫ
I. Сыныптауыштан егжей-тегжейлі мәліметтер
Сыныптау белгісінің (фасеттің) атауы мен коды | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункті түрінің коды | Халықаралық қатынас түрі бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункті түрінің атауы |
1-фасет. Өткізу пункттерінің түрлерін халықаралық қатынас түрі бойынша сыныптау, код – 0 | 011 | теңіз |
012 | өзен (көл) | |
020 | теміржол | |
030 | автомобиль (автожол) | |
040 | әуе | |
098 | аралас | |
099 | жаяу | |
2-фасет. Өткізу пункттерінің түрлерін халықаралық қатынас сипаты бойынша сыныптау, код – 1 | 10 | жүк-жолаушы |
12 | жүк | |
14 | жолаушы | |
3-фасет. Өткізу пункттерінің түрлерін жұмыс істеу тәртібі бойынша сыныптау,код – 2 | 20 | тұрақты, үнемі жұмыс істейтін |
22 | тұрақты, маусымдық | |
24 | тұрақты, үнемі жұмыс істемейтін | |
29 | уақытша | |
4-фасет. Өткізу пункттерінің түрлерін мәртебесі бойынша сыныптау, код – 3 | 30 | көпжақты (халықаралық) |
32 | екіжақты (мемлекетаралық) |
II. Сыныптауыштың паспорты
Р/с № | Элементтің белгіленімі | Сипаты |
1 | 2 | 3 |
1 | Коды | 2052 |
2 | Типі | 2 – сыныптауыш |
3 | Атауы | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері түрлерінің сыныптауышы |
4 | Аббревиатурасы | КВПП |
5 | Белгіленімі | ЕК 2052-2019 (ред. 1) |
6 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімі |
7 | Анықтамалық (сыныптауыш) қолданысқа енгізілетін (қолданыла бастайтын) күн | 20 жылғы |
8 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуын тоқтату туралы актінің деректемелері | – |
9 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күн | – |
10 | Оператор (операторлар) | Еуразиялық экономикалық комиссия |
11 | Тағайындалуы | жеңілдетілген өткізу пункттерін (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекараларын кесіп өту орындарын) қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында орналасқан мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу пункттерінің түрлерін халықаралық қатынастың түрі мен сипаты бойынша, жұмыс істеу тәртібі мен мәртебесі бойынша сыныптау |
12 | Аннотация (қолданылу саласы) | Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары беретін мәліметтер негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында орналасқан мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу пункттерінің ақпараттық-анықтамалық тізбесі мен осында өткізу пункттері паспорттарының жалпы тізілімін қалыптастыру және жүргізу мақсатында пайдаланылады |
13 | Түйін сөздер | өткізу пункті, өткізу пунктінің түрі, өткізу пунктінің паспорты, өткізу пунктінің мәртебесі |
14 | Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала | кедендік реттеу |
15 | Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауды пайдалану | 2 – анықтамалықтың (сыныптауыштың) халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) аналогтары жоқ |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар-жоғы |
2 – Армения Республикасының заңнамасында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін сыныптау жөніндегі нормалар айқындалмаған. |
17 | Жүйелеу (сыныптау) әдісі | 3 – фасеттік сыныптау әдісі |
18 | Жүргізу әдістемесі |
1 – орталықтандырылған жүргізу рәсімі. Сыныптауыштың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық одақ органының актісіне сәйкес оператор орындайды. |
19 | Құрылымы | сыныптауыштың құрылымы туралы ақпарат (сыныптауыш жолдарының құрамы, олардың мәндерінің салалары мен қалыптастыру қағидалары) осы сыныптауыштың IІІ бөлімінде келтірілген |
20 | Деректердің құпиялылық дәрежесі | сыныптауыштың мәліметтері ашық қол жеткізуге болатын ақпаратқа жатады |
21 | Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі | сыныптауыштың деректерін қайта қарауды жылына 1 реттен сиретпей жүргізу қажет |
22 | Өзгерістер | – |
23 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме | сыныптауыштан егжей-тегжейлі мәліметтер осы сыныптауыштың І бөлімінде келтірілген |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді беру тәсілі |
Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау. |
III. Сыныптауыштың құрылымын сипаттау
1. Осы бөлімде сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы, соның ішінде деректемелер мәндерінің салалары мен оларды қалыптастыру қағидалары айқындалады.
2. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай жолдар (графалар) қалыптастырылады:
"деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары" – элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің сөзбен сипатталуы;
"көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опциялылық) және деректемелердің ықтимал қайталану саны).
3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
0..n – деректеме міндетті, n рет (n > 1) қайталануы тиіс;
1..* – деректеме міндетті, шексіз қайталануы мүмкін;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет (n > 1) қайталануы тиіс;
n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы және m реттен артық қайталанбауы (n > 1, m > n) тиіс;
0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;
0..* – деректеме опциялы, шексіз қайталануы мүмкін;
0..m – деректеме опциялы, m реттен артық (m > 1) қайталанбауы тиіс.
Кесте
Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы
Деректеменің атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары | Көпт. | |
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері түрлерінің сыныптауышынан мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* | |
1.1. Сыныптау белгісінің (фасеттің) коды |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | кодтық белгіленім кодтаудың реттік әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады | 1 | |
1.2. Сыныптау белгісінің (фасеттің) атауы |
символдар жолы. | орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 | |
1.2.1. Белгіленген сыныптау белгісіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінің түрі туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* | |
1.2.1.1. Белгіленген сыныптау белгісіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункті түрінің коды |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | кодтық белгіленім кодтаудың сериялық-реттік әдісін пайдалану арқылы қалыптастырылады | 1 | |
1.2.1.2. Белгіленген сыныптау белгісіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункті түрінің атауы |
символдар жолы. | орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 | |
1.2.1.3. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 | |
1.2.1.3.1. Қолданысы басталатын күн | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге сәйкес келеді | 1 | |
1.2.1.3.2. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 | |
1.2.1.3.2.1. Актінің түрі |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актіні кодпен белгілеу | 1 | |
1.2.1.3.2.2. Актінің нөмірі |
символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 | |
1.2.1.3.2.3. Актінің күні | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді | 1 | |
1.2.1.3.3. Қолданысы аяқталатын күн | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы аяқталатын күнге сәйкес келеді | 0..1 | |
1.2.1.3.4. Анықтамалық (сыныптауыш) жазбасы қолданысының аяқталатын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің саласымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 | |
1.2.1.3.4.1. Актінің түрі |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес актіні кодпен белгілеу | 1 | |
1.2.1.3.4.2. Актінің нөмірі |
символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 | |
1.2.1.3.4.3. Актінің күні | МемСТ ИСО 8601–2001 сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді | 1 |