2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 31-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған медициналық бұйымдарды медициналық қолдану салаларының сыныптауышы (бұдан әрі - сыныптауыш) бекітілсін.
2. Сыныптауыш Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Мынадай:
сыныптауыш осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;
сыныптауыштың кодтық белгіленімдерін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді медициналық бұйымдар айналысының саласында іске асырған кезде міндетті болып табылады деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 62 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Медициналық бұйымдарды медициналық қолдану салаларының сыныптауышы
І. Сыныптауыштан алынған егжей-тегжейлі мәліметтер
Коды | Медициналық бұйымдарды медициналық қолдану салаларының атауы |
0100300 | жедел медициналық жәрдем |
0200200 | андрология |
0200300 | акушерия және гинекология |
0200400 | аллергология және иммунология |
0200500 | анестезиология және реаниматология |
0200600 | бактериология |
0201000 | гастроэнтерология |
0201100 | гематология |
0201200 | генетика |
0201400 | гистология |
0201600 | дерматовенерология |
0201900 | инфекциялық аурулар |
0202000 | кардиология |
0202300 | колопроктология |
0202400 | косметология |
0202800 | спорт медицинасы |
0202900 | емдік дене шынықтыру |
0203300 | медициналық массаж |
0203400 | медициналық оңалту |
0203500 | наркология |
0203600 | неврология |
0203700 | неонатология |
0203800 | нефрология |
0203900 | онкология |
0204100 | оториноларингология |
0204200 | офтальмология |
Коды | Медициналық бұйымдарды медициналық қолдану салаларының атауы |
0204400 | педиатрия |
0204600 | психиатрия |
0204800 | пульмонология |
0204900 | радиология |
0205000 | радиотерапия |
0205100 | реаниматология |
0205200 | ревматология |
0205300 | рентгенология |
0205400 | рентгенэндоваскулярлық терапия |
0205500 | рефлексотерапия |
0205800 | стоматология |
0206000 | терапия |
0206100 | токсикология |
0206200 | травматология және ортопедия |
0206300 | трансфузиология |
0206400 | урология |
0206500 | физиотерапия |
0206600 | фтизиатрия |
0206700 | хирургия |
0206701 | ангиохирургия |
0206704 | пластикалық хирургия |
0206705 | нейрохирургия |
0206708 | хирургия (комбустиология) |
0206711 | жақ-бет сүйегі хирургиясы |
0206713 | жүрек-қан тамырлары хирургиясы |
0206800 | эндокринология |
0206900 | эндоскопия |
0300200 | зертханалық диагностика |
0300400 | сәулелі диагностика |
0300500 | патологиялық анатомия |
0300600 | ультрадыбыстық диагностика |
0300700 | функционалдық диагностика |
0400000 | трансплантология |
9999999 | басқа |
ІІ. Сыныптауыштың паспорты
Р/б № | Элементтің белгіленімі | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Коды | 048 |
2 | Типі | 2 – сыныптауыш |
3 | Атауы | медициналық бұйымдарды медициналық қолдану салаларының сыныптауышы |
4 | Аббервиатура | МБМҚСС |
5 | Белгіленімі | БС 048-2019 (1-редакциясы) |
6 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 62 шешімі |
7 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастау) күні | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 62 шешімі күшіне енген күннен бастап |
8 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысын тоқтату туралы актінің деректемелері | - |
9 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуының аяқталған күні | - |
10 | Оператор (операторлар) | KG. Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
11 | Мақсаты | медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасы құжаттарын жасау және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету кезінде медициналық бұйымды медициналық қолдану салалары туралы мәліметтерді ұсынуға арналған |
12 | Аннотациясы (қолданылу саласы) | медициналық бұйымдар айналымына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына ұсынатын құжаттарды ресімдеу кезінде, сондай-ақ электрондық түрде беруін қалыптастыру кезінде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады |
13 | Түйін сөздер | медициналық бұйымдарды медициналық қолдану саласы |
14 | Еуразиялық экономикалық одақтың өкілеттігі іске асырылатын сала | техникалық реттеу |
15 | Халықаралық (мемлекетаралық, өңіраралық) сыныптауышты пайдалану | 2 - халықаралық (мемлекетаралық, өңіраралық) сыныптауышты әзірлеген кезде сыныптауыштар және (немесе) стандарттар қолданылған жоқ |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының болуы | 2 - сыныптауыштың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аналогтары жоқ |
17 | Бір жүйеге келтіру (сыныптау) әдісі | 2 - сыныптаудың иерархиялық әдісі |
18 | Енгізу әдістемесі | 1 - енгізудің орталықтандырылған рәсімі. Сыныптауыштың мазмұнын толықтыруды, өзгертуді және алып тастауды Еуразиялық экономикалық одақтың актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарында өзекті мәліметтерді орналастыруды қамтамасыз етеді. Мазмұнын алып тастаған жағдайда сыныптауыштағы жазба ондағы жазбаның қолданысының аяқталғанын регламенттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі туралы мәліметтер көрсетіле отырып, алып тасталған күннен бастап жарамсыз ретінде белгіленеді. Сыныптауыш жазбаларының кодтары бірегей болып табылады, сыныптауыш жазбаларының кодтарын, оның ішінде жарамсыз кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді. |
19 | Құрылымы | сыныптауыш құрылымы туралы ақпарат (сыныптауыштың алаңшаларының құрамы, олардың мағынасының саласы және қалыптастыру қағидалары) осы сыныптауыштың ІІІ бөлімінде келтірілген |
20 | Деректердің құпиялылығы дәрежесі | сыныптауыштағы мәліметтер ашық ақпаратқа жатады |
21 | Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі | белгіленбеген |
22 | Өзгерістер | - |
23 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) нақтыланған сілтемелер | сыныптауыштан нақтыланған мәліметтер осы сыныптауыштың І бөлімінде келтірілген |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтер берудің тәсілі | Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау |
ІІІ. Сыныптауыш құрылымының сипаттамасы
1. Осы бөлім сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын анықтайды.
2. Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай алаңшалар (графалар) қалыптастырылады:
"деректеме мәнінің саласы" - элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары" - элементтің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастырудың (толтырудың) қағидаларын анықтайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің сөзбен сипатталуы;
"көпт." - деректемелердің көптілігі (міндеттілігі (опционалдығы) және деректемелердің мүмкін болатын қайталануы.
3. Берілетін деректер деректемелерінің көптілігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіc (n > 1);
1..* - деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
n..* - деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n > 1);
n..m - деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен аспайтындай қайталануға тиіс (n > 1, m>n);
0..1 - деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;
0..* - деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0.. m – деректеме опционалды, m реттен аспайтындай қайталануға тиіс ( m>1).
Кесте
Сыныптауыштың құрылымы мен деректемелік құрамы
Деректеменің атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректеме мәнін қалыптастырудың қағидалары | Көпті. |
1. Медициналық бұйымдарды медициналық қолдану саласы туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.1. Медициналық бұйымдарды медициналық қолдану саласының коды |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | кодтық белгіленім кодтаудың сериялық-реттік әдісі пайдаланыла отырып қалыптастырылды | 1 |
1.2. Медициналық бұйымдарды медициналық қолдану саласының атауы |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | орыс тіліндегі сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады | 1 |
1.3. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | |
1.3.1. Қолданысы басталатын күні | күнді ИСО МЕМСТ 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың басталу күніне сәйкес келеді | 1 |
1.3.2. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы қолданысының басталуын регламенттейтін акті туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 |
*.1. Актінің түрі |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | актінің халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгіленімі | 1 |
*.2. Актінің нөмірі |
символдардың жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.3. Актінің күні | күнді ИСО МЕМСТ 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінің қабылдануы күніне сәйкес келеді | 1 |
1.3.3. Қолданысы аяқталатын күні | күнді ИСО МЕМСТ 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген аяқталу күніне сәйкес келеді | 0..1 |
1.3.4. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы қолданысының аяқталуын регламенттейтін акті туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен анықталады | 0..1 |
*.1. Актінің түрі |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | актінің халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгіленімі | 1 |
*.2. Актінің нөмірі |
қалыпқа келтірілген символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
*.3. Актінің күні | күнді ИСО МЕМСТ 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында белгілеу | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің қабылдануы күніне сәйкес келеді | 1 |