Лотерея терминалын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 21 мамырдағы № 75 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ойыншы толтырған лотерея билетін сканерлеуге, алынған деректерді орталық ақпараттық орталыққа жіберуге, ұтысқа ойын комбинациясын енгізу және билеттің құнын көрсету операциясын жүргізу туралы ақпараты бар түбіртекті басып шығаруға, ұтыс өткізілгеннен кейін түбіртектерді ұтыс комбинацияларымен сәйкестік мәніне оқуға, экранға орталық ақпараттық орталықтан алынған лотерея билетінің беделі туралы ақпаратты шығаруға арналған, ортақ корпуста орналастырылған дисплейден, лотерея билеттері сканерінен, жүйелік блоктан (процессордан), жеке термопринтерден және штрих-кодтар сканерінен тұратын лотерея терминалы сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8470 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады