Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін металл илемдеу орнақтарына арналған болаттан құйылған біліктерге қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданылуын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 21 мамырдағы № 82 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағында илемдеу орнақтарына арналған болаттан құйылған біліктерді өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар туралы" 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 904 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралардың қолданылуы қоса алғанда 2020 жылғы 25 ақпанға дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2020 жылғы 25 ақпанға дейінгі аралықта алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 904 шешімімен белгіленген ставка бойынша демпингке қарсы бажды алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2019 жылғы 26 маусымнан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады