Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 14-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйелеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Кеден органдарының лицензияланатын тауарларды ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелуді және осы аумақтан әкетуді бақылауының бірыңғай тәртібі туралы ереже туралы" № 687 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |