Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 108 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы13 желтоқсандағы "Тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш туралы" № 171 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 2 шілдедегі
№ 108 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш нысанында 2-бағанның "b"-бөлімінде "дейін" деген сөз "кешіктірмей" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Көрсетілген шешіммен бекітілген, Тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінде:

      а) 15 -тармақтың 1 және 2-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке басты куәландыратын құжаттар түрінің сыныптауышына сәйкес құжат түрінің коды;

      2) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес жеке басты куәландыратын құжатты берген уәкілетті орган елінің коды;";

      б) 16-тармақтың алтыншы абзацы "жері бойынша" деген сөздер "тұрған жері бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 17-тармақтың 5-тармақшасыңың жетінші абзацы алып тасталсын;

      г) 20-тармақтың төртінші абзацында "дейін" деген сөз "кешіктірмей" деген сөзбен ауыстырылсын;

      д) 29-тармақтың екінші – төртінші абзацтарындағы "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      е) 35-тармақта:

      төртінші абзацтағы "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "құжаттар мен мәліметтер түрінің сыныптауышына сәйкес кеден өкілі мен өтініш берушінің арасында жасалған шарттың коды;";

      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "егер өтінішті өтініш берушінің немесе кеден өкілінің басшысы толтырса, өтініш беруші немесе кеден өкілі басшысының өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың не, егер өтінішті өтініш берушінің немесе кеден өкілінің қызметкері толтырса, құжаттар мен мәліметтер түрінің сыныптауышына сәйкес өтініш берушінің немесе кеден өкілінің басшысының атынан әрекеттер жасауға сенімхаттың коды;";

      ж) 36-тармақтың бесінші абзацында "сауда" деген сөз "фирмалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      з) 37-тармақтың төртінші абзацындағы "кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      и) 38-тармақта:

      үшінші абзацта тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу нөмірінің схемасындағы 3-элементте "З" деген әріп алып тасталсын;

      оныншы абзацтағы "ӨТ" әріптік белгілерден" деген сөздер "Ө" әріптік белгіден" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады