Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандарына өзгерістер енгізілсін.
2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес әзірленген, осы Шешім күшіне енгенге дейін шығарылған ветеринариялық сертификаттардың бланкілері 2020 жылғы 1 маусымға дейін пайдаланылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 9 шілдедегі № 117 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 14-нысанның 4.1) тармақшасының екінші абзацындағы "міндетті декларациялауға жататын" деген сөздер "(жабайы фауна өкілдерінде құс тұмауы пайда болған жағдайларды қоспағанда) міндетті декларациялауға жататын – " деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 15-нысанда:
2.1) тармақшаның оныншы абзацындағы ", қорасаннан (сиыр қорасанының вирусы мен қорасан вакцинасының вирусынан туындайтын)" деген сөздер алып тасталсын;
2.2) тармақшада:
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер оларға соңғы 12 ай ішінде екпе егілмесе (құтыруға қарсы иммунитетті бір жылдан астам ұстап тұратын вакцинаның мерзімі өтпеген немесе құтыруға қарсы иммунитеттің қауырттылығы кемінде 0,5 МЕ/мл-ды құрайтыны зертханалық расталған жағдайларды қоспағанда) барлық ет қоректілер жөнелтілгенге дейін 20 күннен кешіктірілмей (3 айлық жасқа толмаған қаракүзендерден, сондай-ақ иттер мен мысықтардан басқа) құтыруға қарсы вакцина жасалған.
Егер оларға соңғы 12 ай ішінде екпе егілмесе жөнелтілгенге дейін 20 күннен кешіктірілмей жануарларға вакцина жасалған:";
жетінші абзацтағы "пастереллезаға" деген сөз "псевдомонозаға" деген сөзбен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацта:
"вирустық энтеритке, парво-" деген сөздер "парвовирустық инфекцияларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(егер профилактикалық мақсатта дегидрострептомицинмен немесе баламалы әсер беретін, экспорттаушы елде тіркелген затпен емдеп-тұмдалмаған болса)" деген сөздермен толықтырылсын;
он бірінші абзацтағы ", пастереллезаға" деген сөз алып тасталсын.
3. 24-нысанда:
4-тармақтың үшінші абзацы "экспортқа дейінгі сертификаттарды" деген сөздерден кейін " ⃰ " сілтеме белгісімен толықтырылсын;
4.3) тармақшаның екінші абзацы "міндетті декларациялауға жататын" деген сөздерден кейін "(жабайы фауна өкілдерінде құс тұмауы пайда болған жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"⃰ Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер үшін. Бұл ретте экспортқа дейінгі сертификат деп Еуропалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органының сертификат беретін лауазымды адамы Еуропалық одақтың аумағы бойынша тасымалдау үшін берген, ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын онда көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына жауап беретінін растайтын ілеспе құжат (ресми сертификат) түсініледі.".
4. 31-нысанда:
4-тармақтың үшінші абзацы "экспортқа дейінгі сертификаттарды" деген сөздерден кейін " ⃰ " сілтеме белгісімен толықтырылсын;
4.2) тармақшаның екінші абзацы "міндетті декларациялауға жататын" деген сөздерден кейін "(жабайы фауна өкілдерінде құс тұмауы пайда болған жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"⃰ Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер үшін. Бұл ретте экспортқа дейінгі сертификат деп Еуропалық одаққа мүше мемлекеттің құзіретті органының сертификат беретін лауазымды адамы Еуропалық одақтың аумағы бойынша тасымалдау үшін берген, ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын онда көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына жауап беретінін растайтын ілеспе құжат (ресми сертификат) түсініледі.".
5. 32-нысанда:
4-тармақтың үшінші абзацы "экспортқа дейінгі сертификаттарды" деген сөздерден кейін " ⃰ " сілтеме белгісімен толықтырылсын;
4.1) тармақшаның жетінші абзацы "міндетті декларациялауға жататын" деген сөздерден кейін "(жабайы фауна өкілдерінде құс тұмауы пайда болған жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"⃰ Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер үшін. Бұл ретте экспортқа дейінгі сертификат ретінде Еуропалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органының сертификат беретін лауазымды адамы Еуропалық одақтың аумағы бойынша тасымалдау үшін берген, ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын онда көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына жауап беретінін растайтын ілеспе құжат (ресми сертификат) түсініледі.".
6. 34-нысанда:
4-тармақтың үшінші абзацындағы "экспортқа дейінгі сертификаттарды" деген сөздер "экспортқа дейінгі сертификаттарды ⃰ " деген сөздермен ауыстырылсын;
4.1) тармақшаның екінші абзацындағы "тұмаудан" деген сөз "құс тұмауынан" деген сөздермен ауыстырылып, "міндетті декларациялауға жататын" деген сөздерден кейін "(жабайы фауна өкілдерінде құс тұмауы пайда болған жағдайларды қоспағанда)," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"⃰ Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер үшін. Бұл ретте экспортқа дейінгі сертификат деп Еуропалық одаққа мүше мемлекеттің құзіретті органының сертификат беретін лауазымды адамы Еуропалық одақтың аумағы бойынша тасымалдау үшін берген, ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын онда көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына жауап беретінін растайтын ілеспе құжат (ресми сертификат) түсініледі.".
7. 40-нысанда:
4-тармақтың үшінші абзацы "экспортқа дейінгі сертификаттарды" деген сөздерден кейін " ⃰ " сілтеме белгісімен толықтырылсын;
4.2) тармақшаның екінші абзацындағы "тұмаудан" деген сөз "құс тұмауынан" деген сөздермен ауыстырылып, "міндетті декларациялауға жататын" деген сөздерден кейін "(жабайы фауна өкілдерінде құс тұмауы пайда болған жағдайларды қоспағанда)," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"⃰ Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер үшін. Бұл ретте экспортқа дейінгі сертификат деп Еуропалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органының сертификат беретін лауазымды адамы Еуропалық одақтың аумағы бойынша тасымалдау үшін берген, ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын онда көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына жауап беретінін растайтын ілеспе құжат (ресми сертификат) түсініледі.".
8. 41-нысанның 4.1) тармақшасының елуінші абзацы және 45-нысанның 4.3) тармақшасының он сегізінші абзацы "міндетті декларациялауға жататын" деген сөздерден кейін "(жабайы фауна өкілдерінде құс тұмауы пайда болған жағдайларды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.