Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 272-тармағына сәйкес және 2019 жылғы 19 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті директорының № 9 бұйрығына сәйкес басталған, демпингке қарсы қайта тексеру шеңберінде мүдделі тұлғалар ұсынған ақпараттарды талдау нәтижелері бойынша әзірленген Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің қорытындысы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тұтас илемденген болат доңғалақтарға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 170 шешімінде белгіленген демпингке қарсы шаралар осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі аралықта қолданылмасын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 170 шешімінде көзделген демпингке қарсы бажды өндіріп алуды осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген кезеңде жүзеге асырмасын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |