Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйеге келтіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мыналардың:
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы "Тауарларды өндіру және (немесе) тауарларды экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, оарға кедендік әкелу баждары қолданылмайтын, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын критерийлерді айқындау туралы" № 497 шешімінің;
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы "Тауарларды өндіру және (немесе) тауарларды экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, оларға кедендік әкелу баждары қолданылмайтын, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын критерийлерді айқындау туралы" № 872 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |