Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру шеңберінде электрондық нысанда ақпарат ұсыну тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 146 шешімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 18 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының І бөлімінің 1-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру шеңберінде электрондық нысанда ақпарат ұсыну тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 146 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру шеңберінде электрондық нысанда ақпарат ұсыну ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы №18 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының І бөлімінің 1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру шеңберінде электрондық нысанда ақпарат (оның ішінде алмасуға жататын ақпарат тізбесін және осындай алмасуды жүзеге асыру мерзімділігін) ұсыну қағидаларын айқындайды.

      2. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 18 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасының ақпараттық алмасу жүйесін ұйымдастыруға қатысты ережелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      3. Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру шеңберінде ақпарат беру анықтық, толықтық және қол жетімділік қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

      Мүше мемлекеттердің заңнамасында таратылуы (қолжетімділігі) шектелген мәліметтерге жатқызылған ақпарат алмасу мүше мемлекеттер заңнамасының оларды қорғау жөніндегі талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

      4. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Комиссияға Одақтың ақпараттық порталында жариялау үшін электрондық нысанда мынадай ақпаратты ұсынады:

      а) мүше мемлекеттердің газ саласының негізгі өндірістік көрсеткіштері туралы. Ақпарат 2016 жылғы 22 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативтік (болжамды) баланстарын қалыптастырудың әдіснамасы туралы Келісімде көзделген тізбеге, нысанға және мерзімдерге сәйкес ұсынылады;

      б) мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан газға көтерме бағалар және газ тасымалдау жүйелері арқылы газ тасымалдау тарифтері туралы. Ақпаратты мүше мемлекеттер жылына кемінде 1 рет, ал көрсетілген бағалар (тарифтер) өзгерген жағдайда – тиісті акт қабылданған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде ұсынады;

      в) газ бағасының индикаторлары туралы мәліметтер көзі туралы (болған жағдайда).

      5. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Одақтың ақпараттық порталында жариялау үшін газды тасымалдау және жеткізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау (өзгерістер енгізу) шамасына қарай Комиссияға, электрондық нысанда ұсынады, оның ішінде:

      а) мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелері арқылы газ тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемелерін;

      б) газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарды;

      в) газға арналған нормалар және стандарттар, сондай-ақ газ тасымалдау жүйелерінің жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды.

      6. Комиссия мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан электрондық нысанда қосымша алынған мәліметтер негізінде Одақтың ақпараттық порталында мынадай ақпаратты жариялайды:

      а) Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыруға әсер ететін, газ тасымалдау жүйелері объектілерін (оның ішінде газды тасымалдау кезінде инфрақұрылымдық шектеулерді жою мақсатында) жаңғырту және салу жөніндегі жоспарлар туралы. Ақпарат жыл сайын 1 наурызға дейін ұсынылады;

      б) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары және олардың ресми сайттары туралы. Ақпарат жыл сайын 1 наурызға дейін ұсынылады;

      в) мүше мемлекеттер арасында газды тасымалдау және жеткізу кезіндегі Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыруға әсер ететін инфрақұрылымдық шектеулер туралы. Ақпарат тиісті шектеулердің анықталуына қарай ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады