Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 176-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік рәсімдерді қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 203 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік рәсімдерді қолданудың жекелеген мәселелері туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешімі 1-тармағының 5-тармақшасы;
Кеден одағы Комиссиясының жекелеген шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 10-тармағы ("Кеден одағының нормативтік құқықтық базасын Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 850 шешімімен бекітілген Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасымен және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифімен сәйкестендіру туралы");
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне ("Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешіміне және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 147 шешіміне қосымша) енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының "е" тармақшасы.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 150 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 203 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кіріспе "163-бабының 4-тармағына" деген сөздерден кейін "176-бабының 5-тармағына," деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1-тармақта үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кедендік аумақтан тыс кедендік өңдеу рәсімі қолданылмайтын тауарлар тізбесі;".
3. Кедендік аумақта кедендік өңдеу рәсімі қолданылмайтын тауарлар тізбесінен кейін мынадай мазмұндағы тізбемен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 203 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кедендік аумақтан тыс кедендік өңдеу рәсімі қолданылмайтын тауарлардың ТІЗБЕСІ
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды |
1. 80 көл.% немесе одан көп спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; 80 көл.% аз спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi | 2207-ден, 2208-ден |
2. Темекі шикізаты, темекі қалдықтары | 2401 |
3. Мыналардың: күйдірілген пиритті қоса алғанда темірдің, марганец рудасы мен оның концентраттарын қоса алғанда марганецтің (құрғақ өнімге қайта есептегенде құрамында 20 салм.% немесе одан көп марганец бар), мыстың (құрамында қымбат бағалы металдары барын қоспағанда), алюминийдің, қорғасынның (құрамында қымбат бағалы металдары барын қоспағанда), мырыштың (құрамында қымбат бағалы металдары барын қоспағанда), қалайының (құрамында қымбат бағалы металдары барын қоспағанда), хромның, молибденнің, титанның, ниобийдің, танталдың, ванадийдің немесе цирконийдің рудалары мен концентраттары; өзге де рудалар мен концентраттар (құрамында қымбат бағалы металдары барын қоспағанда)1 |
2601, 2602 00 000 0, |
4. Селен | 2804 90 000 0 |
5. Сілтілік немесе сілтілік-жер металдары; сирек кездесетін жер металдары, таза, қоспа және қорытпа түріндегі скандий мен иттрий; сынап | 2805 |
6. Жасанды корундтан ерекшеленетін алюминий оксиді | 2818 20 000 0 |
7. Өңделмеген терілер (табиғи аң терісінен басқа) және иленген былғары, қиынды және өзге де қалдықтар, тері тозаңы, ұнтағы және ұны2 |
4101, 4102, 4103, 4104, 4105, 4106, 4107, 4112 00 000 0 |
мыналарды: | |
а) үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген үшінші елдермен жасалатын саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – бірыңғай тізбе) енгізілген және оларға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес ұсынылатын қорытынды (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат беру құжаты)) алынған құрамында алты валентті хром немесе биоцидтер қосылыстары бар тері қалдықтарын | 4101-ден, 4102-ден, 4103-тен |
б) бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған, құрамында алты валентті хромның немесе биоцидтердің қосылыстары бар, былғары бұйымдары өндірісіне жарамсыз былғары немесе құранды былғары қиындылары және басқа қалдықтарын қоспағанда |
4115 10 000 0-ден |
8. Сүрек және одан жасалған бұйымдар | 4401, 4403, 4404, 4406, 4407, 4409 |
бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған, құрамында полихлорланған немесе полибромдалған дифенилдер бар заттармен ластанған сүректен жасалған қаптау ыдыстары мен контейнерлердің қалдықтарын қоспағанда |
4401 39 000 0-ден, |
9. Желімделген фанера немесе соған ұқсас қабатты сүрек үшін қаптауға арналған табақтар (қабатты cүpeктi бөлуден алынғандарды қоса алғанда) және ұзынынан арамен кесу немесе жару, жону немесе сыдыру жолымен алынған, жонып, тегістеп өңделген немесе өңделмеген, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм аспайтын қылқан жапырақты тұқымдас сүректен жасалған бүйірлік қосылыстары бар немесе жоқ өзге ағаш материалдар | 4408 10 |
10. Желімделген фанера немесе соған ұқсас қабатты сүрек үшін қаптауға арналған табақтар (қабатты cүpeктi бөлуден алынғандарды қоса алғанда) және ұзынынан арамен кесу немесе жару, жону немесе сыдыру жолымен алынған, жону, тегістеу арқылы өңделген немесе өңделмеген, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм аспайтын бүйірлік қосылыстары бар немесе жоқ өзге ағаш материалдары, өзгелері | 4408 90 |
11. Бетондауға арналған қалып | 4418 40 000 0 |
12. Бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған құрамында полихлорланған немесе полибромдалған дифенилдер бар заттармен ластанған қағаздан немесе картоннан жасалған қаптау ыдыстары мен контейнерлердің қалдықтарын қоспағанда, қалыпқа келтірілген қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар) | 4707-ден |
13. Қымбат бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтары немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдар; негізінен қымбат бағалы металдарды шығару үшін пайдаланылатын, қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдардың қорытпаларынан тұратын өзге де қалдықтар мен сынықтар3 | 7112 |
мыналарды: | |
а) құрамында қымбат бағалы металл (металдар) немесе құрамында қымбат бағалы металдың (металдардың) қосылыстары бар бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған баспа платаларын жағудан алынған күл және фотопленканы жағудан пайда болған күлді | 7112 30 000 0-ден |
б) бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған құрамында күмістің галоидтары және (немесе) металл күмісі бар фотопленканың қалдықтары және фотоқағаздың қалдықтарын | 7112 99 000 0-ден |
в) платинаны (платина жалатылған металды қоса алғанда) | 7112 92 000 0-ден |
г) бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес ұсынылатын мемлекеттік бақылау актісі алынған мырыш тұнбаларын қоспағанда | 7112 99 000 0-ден |
14. Қайта балқытуға арналған қара металдардың құймалары (шихталық құймалар); қара металдардың қалдықтары мен сынықтары | 7204-тен |
мыналарды: | |
б) құрамына құрамдауыш немесе ластағыш ретінде мына заттардың: күшәла, күшәла қосылыстарының, сынаптың, сынап қосылыстарының кез келгені кіретін, бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған қара металдардың қалдықтарын | |
в) құрамына бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған мына заттардың: сурьманың, кадмийдің, селеннің, теллурдің, таллийдің кез келгені кіретін қара металдар мен олардың қорытпаларының қалдықтарын қоспағанда | |
15. Тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары, мыс қалдықтары мен сынықтары4 | 7403-тен, 7404 00-тен |
мыналарды: | |
а) құрамына құрамдауыш немесе ластағыш ретінде бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған мына заттардың: күшәла, күшәла қосылыстарының, сынаптың, сынап қосылыстарының кез келгені кіретін мыстың қалдықтарың | |
б) құрамына бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған мына заттардың: сурьманың, кадмийдің, селеннің, теллурдің, таллийдің кез келгені кіретін мыстың қалдықтары және мыс қорытпаларының қалдықтарың қоспағанда | |
16. Өңделмеген металдар: | |
иикельдің5 | 7502, 7503 00-ден |
алюминийдің4 | 7601, 7602 00-ден |
мырыштың5 | 7901, 7902 00 000 0-ден |
қалайының5 қалдықтары мен сынықтары | 8001, 8002 00 000 0-ден |
мыналарды: | |
а) құрамына бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған құрамдауыш немесе ластағыш ретінде мына заттардың: күшәла, күшәла қосылыстарының, сынаптың, сынап қосылыстарының кез келгені кіретін металл қалдықтарын | |
б) құрамына бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған мына заттардың: сурьманың, кадмийдің, селеннің, теллурдің, таллийдің кез келгені кіретін металдардың қалдықтары және металл қорытпаларының қалдықтарын қоспағанда | |
17. Өңделмеген қорғасын, қорғасын қалдықтары мен сынықтары5 | 7801, 7802 00 000 0-ден 8548-ден |
мыналарды: | |
а) құрамында қымбат бағалы металдар бар қорғасын өндірісінің жартылай өнімдерін | 7801 99 100 0 |
б) бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған, пайдаланылып болған қорғасын-қышқылды аккумуляторларды | 8548-ден |
в) құрамына бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған құрамдауыш немесе ластағыш ретінде мына заттардың: күшәла, күшәла қосылыстарының, сынаптың, сынап қосылыстарының кез келгені кіретін, қорғасынның қалдықтарын | 7802 00 000 0-ден |
г) құрамына бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған мына заттардың: сурьманың, кадмийдің, селеннің, теллурдің, таллийдің кез келгені кіретін қорғасын қалдықтары және қорғасын қорытпаларының қалдықтарын қоспағанда | 7802 00 000 0-ден |
18. Алюминий шыбықтары және профильдері, алюминий сымы | 7604, 7605 |
19. Қымбат бағалы емес металдар және олардан жасалған бұйымдар, мыналардың: | |
вольфрам5 | 8101-ден |
молибден5 | 8102-ден |
тантал5 | 8103-тен |
магний тозаңын қоспағанда, магний5 | 8104-тен |
кобальтты штейн және кобальт металлургиясының өзге де аралық өнімдері; кобальт4 | 8105-тен |
висмут5 | 8106 00-ден |
кадмий5 | 8107-ден |
титан5 | 8108-ден |
цирконий5 | 8109-дан |
сурьма5 | 8110-нан |
марганец | 8110 00-ден |
бериллий, хром, германий, ванадий, галлий, гафний (цельтий), индий, ниобий (колумбий), рений, таллий | 8112-ден |
металл-қыш қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда | 8113 00-ден |
мыналарды: | |
а) құрамына бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған құрамдауыш немесе ластағыш ретінде мына заттардың: күшәла, күшала қосылыстарының, сынаптың, сынап қосылыстарының кез келгені кіретін металдардың қалдықтарын | |
б) құрамына бірыңғай тізбеге енгізілген және оларға қатысты қорытынды (рұқсат беру құжаты) алынған мына заттардың: сурьманың, кадмийдің, селеннің, теллурдің, таллийдің кез келгені кіретін металл қалдықтары және металл қорытпаларының қалдықтарын қоспағанда | |
20. Қорғасын-қышқылды аккумуляторлар |
8507 10-нан |
____________
1 Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің (бұдан әрі тиісінше - мүше мемлекет, Одақ) заңнамасына сәйкес осындай мемлекеттің уәкілетті органы (уәкілетті органдары) берген қорытындымен расталатын осы мемлекеттің аумағында өндірілген түсті металдардың рудалары мен концентраттарын осы мемлекеттің аумағында қайта өңдеу экономикалық жағынан тиімсіз болуы немесе мүмкін болмаған жағдайда, олар кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылатын жағдайларды қоспағанда.
2 Тері иленгеннен кейін қосымша бөлектелген былғары мен крастты (тауар позициялары ЕАЭО СЭҚ ТН 4107, 4113 және 4114), болашақта мүше мемлекеттің аумағында дайын өнім өндіру үшін пайдаланылатын, аяқ киімнің бөлшектері түрінде осындай былғарыны немесе крастты қайта өңдеу өнімдерін алу мақсатында кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастыратын жағдайларды қоспағанда.
3 Мүше мемлекеттердің бірінің заңнамасына сәйкес осындай мүше мемлекеттің уәкілетті органы (уәкілетті органдары) берген қорытындымен расталатын осы мүше мемлекеттің аумағында өндірілген (жиналған) ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 тауар позициясында сыныпталатын тауарларды осы мүше мемлекеттің аумағында қайта өңдеу экономикалық жағынан тиімсіз болатын немесе мүмкін болмайтын жағдайда, олар кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылатын жағдайларды қоспағанда.
4 Осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген қорытындымен расталатын, өндірілуі Одақтың кедендік аумағында жүзеге асырылмайтын қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін осындай қалдықтар мен сынықтар кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылатын жағдайларды қоспағанда.
5 Осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген қорытындымен расталатын, өндірілуі Одақтың кедендік аумағында жүзеге асырылмайтын қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін осындай металдар (қалдықтар мен сынықтардан басқа) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылатын жағдайларды қоспағанда.
Ескертпе: |
1. Тауардың номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН сыныптау кодымен де, сондай-ақ тауардың атауымен де айқындалады. |