Көлік құралының типін мақұлдау, шассидің типін мақұлдау бланкілерін, техникалық регламентке сәйкестікті куәландыратын құжаттың күшін жою туралы хабарламаны, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті және көлік құралының конструкциясына енгізілген қауіпсіздік талаптарының өзгерістерімен қоса көлік құралының сәйкестігі туралы куәлікті толтыру қағидаларына № 4 қосымшаға өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 153 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 232 шешімімен бекітілген Көлік құралының типін мақұлдау, шассидің типін мақұлдау бланкілерін, техникалық регламентке сәйкестікті куәландыратын құжаттың күшін жою туралы хабарламаны, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті және көлік құралының конструкциясына енгізілген қауіпсіздік талаптарының өзгерістерімен қоса көлік құралының сәйкестігі туралы куәлікті толтыру қағидаларына № 4 қосымшаның 6-алаңында "Қозғалтқыштың орналасуы" және "Шанақтың типі/есіктердің саны (M1 санаты үшін)" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Шанақтың типі/есіктердің саны (M1 санаты үшін)


Алдындағы/ арттағы орындардың саны (M1 санаты үшін)


      ".

      2. Осы Шешім күшіне енгенге дейін берілген көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер осы Шешімде көзделген өзгерістер ескеріле отырып ресімделген көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктермен қатар жарамды болып табылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады