Жануарлар ауруларының ошақтарын профилактикалау, диагностикалау, оқшаулау және жою кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оларға қатысты өзара іс-қимылы жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті, карантиндік және зооноздық ауруларының анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 156 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 58-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар ауруларының ошақтарын профилактикалау, диагностикалау, оқшаулау және жою кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оларға қатысты өзара іс-қимылы жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті, карантиндік және зооноздық ауруларының анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      оператордың анықтамалыққа қатысты функцияларын Еуразиялық экономикалық комиссия орындайды;

      ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану аясында жалпы процестерді Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде іске асыру кезінде анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 156 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Жануарлар ауруларының ошақтарын профилактикалау, диагностикалау, оқшаулау және жою кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оларға қатысты өзара іс-қимылы жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті, карантиндік және зооноздық ауруларының АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтан ізеуірттелген мәліметтер

Жануарлар ауруының коды

Жануарлар ауруының атауы

010

Шошқаның африкалық обасы

020

Жылқының африкалық обасы

030

Құтыру

040

Ауески ауруы

050

Ньюкасла ауруы

060

Ірі қара, қой және ешкі, шошқа бруцеллезі

070

Көпіршікті стоматит

080

Жылқының венесуэль энцефаломиелиті

090

Шошқаның көпіршікті ауруы

100

Жоғары патогенді құс тұмауы

110

Геморрагиялық септицемия

120

Үй қоянының геморрагиялық ауруы

130

Жылқы тұмауы

140

Ірі қараның ерінше тәрізді энцефалопатиясы

150

Батыс ніл безгегі

160

Жұқпалы түйінді дерматит

170

Қойдың инфекциялық эпидидимиті

180

Ірі қараның инфекциялық ринотрахеиті

190

Ешкінің инфекциялық плевропневмониясы

200

Қойдың катаральды безгегі

210

Шошқаның классикалық обасы

220

Ірі қараның контагиозды плевропневмониясы

230

Контагиозды пустулезді дерматит (эктима)

240

Лептоспироз

250

Листериоз

260

Рифт аңғары безгегі

270

Қой мен ешкі шешегі

280

Құс орнитозы

290

Жылқы маңқасы

300

Қой мен ешкі скрепі

310

Құс сальмонеллезі

320

Сібір жарасы (топалаң, кебенек, жамандат, қарасан, ақшелек)

330

Ірі қараның туберкулезі

340

Қойдың хламидиозы

350

Күйіс қайыратын ұсақ малдардың обасы

360

Ірі қара обасы

370

Ірі қараның энзоотикалық лейкозы

380

Аусыл

II. Анықтамалықтың паспорты

р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

028

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

жануарлар ауруларының ошақтарын профилактикалау, диагностикалау, оқшаулау және жою кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оларға қатысты өзара іс-қимылы жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті, карантиндік және зооноздық ауруларының анықтамалығы

4

Аббревиатурасы

ЖҚКАА

5

Белгіленімі

ЕО 028– 2019 (1-ред.)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 156 шешімі

7

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні

2019 жылғы 19 қазан

8

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолдануды тоқтату туралы актінің деректермелері

9

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күн

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

жануарлар ауруларының ошақтарын профилактикалау, диагностикалау, оқшаулау және жою кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оларға қатысты өзара іс-қимылы жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті, карантиндік және зооноздық ауруларының түрлері туралы мәліметтерді жүйелендіруге және кодтауға арналған

12

Аннотация (қолданылу аумағы)

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде пайдаланылады

13

Кілт сөзі

жануарлардың аурулары, карантин, жануарлардың қауіпті аурулары, жануарлардың карантиндік аурулары, жануарлардың зоонозды аурулары, жануарлардың аса қауіпті аурулары

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттігі іске асырылатын сала

ветеринариялық-санитариялық шаралар

15

Халықаралық, (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштарды пайдалану

2 – халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) анықтамалықты әзірлеу кезінде сыныптауыштар және (немесе) стандарттар қолданылған жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар болуы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламасы жоқ

17

Жүйелендіру (сыныптау) әдісі

1 – жүйелендірудің реттік әдісі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес оператор орындайды. Оператор өзекті мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық бірыңғай нормативтік-анықтамалық жүйесі ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етеді. Мән алып тасталған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссияның анықтамалықтағы жазбаның қолданысы аяқталуын регламенттейтін актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, анықтамалықтың жазбасы алынып тасталған күннен бастап қолданылмайды деп белгіленеді. Анықтамалықтың кодтары бірегей болып табылады, анықтамалықтың кодтарын, оның ішінде қолданылмайтындарын қайталап пайдалануға жол берілмейді.

19

Құрылым

анықтамалықтың құрылымы туралы ақпарат (жолақтардың құрамы олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру ережесі) осы құжаттың III бөлімінде көрсетілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтан алынған мәліметтер ашық қол жетімді ақпаратқа жатқызылады

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) ізеуірттелген мәліметтерге сілтеме

анықтамалықтан (сыныптауыштан) ізеуірттелген мәліметтер осы құжаттың I бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді беру тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталына жариялау

III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

      1. Бұл бөлім анықтамалықтың құрылымын және деректемелер құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласы мен оларды қалыптастыру ережесін айқындайды.

      2. Анықтамалықтың деректемелер құрамы мен құрылымы мына жолақтар (бағандар) қалыптасатын кестеде келтірілген.

      "деректеме мәнінің саласы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру ережесі" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) ережесін айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерін сөзбен сипаттау;

      "көп." – деректеменің көптігі (деректеменің ықтимал қайталану міндеттілігі (опциялығы) және саны).

      3. Берілетін деректердің деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілеулер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталана алады;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен асырмай қайталануға тиіс (n > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опциялы, шектеусіз қайталана алады;

      0..m – деректеме опциялы, m реттен асырмай қайталана алады (m > 1).

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы және деректемелер құрамы

Деректеменің атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеменің мәнін қалыптастыру ережесі

Көп.

1. Жануардың ауруы туралы мәлімет

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

1..*

1.1. Жануар ауруының коды

шаблонға сәйкес символдар жолы:
[0-9]{3}

кодтық белгілеу кодтаудың реттік әдісін пайдалана отырып алыптастырылады

1

1.2. Жануар ауруының атауы

символдар жолы
мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 1000

атауы орыс тілінде мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Анықтамалықтың жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

1

1.3.1. Қолданысының басталу күні

ИСО 8601–2001 мемлекеттік стандарттарға сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданылысының басталу күніне сәйкес келеді

1

1.3.2. Қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

1

1.3.2.1. Актінің түрі

нормаланған символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгілеу

1

1.3.2.2. Актінің нөмірі

символдар жолы
мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.2.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601–2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

1.3.3 Қолданысы аяқталатын күн

МЕМСТ ИСО 8601–2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданылуы аяқталған күнге сәйкес келеді

0..1

1.3.4. Қолданысының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру ережелерімен айқындалады

0..1

1.3.4.1. Актінің түрі

нормаланған символдар жолы.
Шаблон: \d{5}

халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгілеу

1

1.3.4.2. Актінің нөмірі

символдар жолы
мин. ұзындығы: 1.
макс. ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.3.4.3. Актінің күні

МЕМСТ ИСО 8601–2001 стандартына сәйкес күн

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі қабылданған күнге сәйкес келеді

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады