Бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждары ставкаларының қолданылу мерзімін ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 162 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 30 000 0, 7112 91 000 0, 7112 92 000 0 және 7112 99 000 0 кодтарымен сыныпталатын бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарына қатысты кедендік әкелу баждары ставкаларының кедендік құнның 0 пайызы мөлшеріндегі қолданылу мерзімі қоса алғанда 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралыққа ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 30 000 0, 7112 91 000 0, 7112 92 000 0 және 7112 99 000 0 кодтары бар позициялардағы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "1С)" сілтеме "60С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 60С ескертпесімен толықтырылсын:

      "60С) Кедендік құнының 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 01.01.2020 бастап қоса алғанда 31.12.2022 дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады