2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабы мен Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Есірткі заттары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің (аталған Шешімге № 10 қосымша) 6-тармағында:
"в" тармақшасының екінші абзацындағы "теңіз (өзен)" деген сөздер "су" сөзімен ауыстырылсын;
"г" тармақшасындағы "теңіз (өзен)" деген сөздер "су" сөзімен ауыстырылсын;
б) Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету туралы ереженің (аталған Шешімге № 20 қосымша) 5-тармағында:
"а" тармақшасындағы "теңіз (өзен)" деген сөздер "су" сөзімен ауыстырылсын;
"б" тармақшасындағы "теңіз (өзен)" деген сөздер "су" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |