Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Доңғалақты жүрісті тіркеме типті өздігінен жүрмейтін жер қазу-көлік машинасын білдіретін, тегістеуіш пен скрепер функциясын үйлестіретін, конструкциясында ойылған пышақтары бар скрепер шөміші және топырақ бетін тегістеуге, оны қабаттап өңдеуге және кейіннен түсіріп, тегістей отырып, төсеу орнына ауыстыруға арналған қайырмасы бар тегістеуіш-скрепер сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8430 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |