Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 13 және 14-тармақтарына сәйкес және жұмысты оңтайландыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 46 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 197 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 80-тармақтың бірінші абзацында және 105-тармақтың бірінші абзацында "Ақпараттық технологиялар департаментімен бірлесіп," деген сөздер алып тасталсын.
2. 148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"148. Одақтың ресми сайтында орналастыруға арналған Үкіметаралық кеңес шешімінің (өкімінің), Жоғары кеңес шешімінің (өкімінің) файлын Құқықтық департаменттің жауапты қызметкері электрондық пошта арқылы тиісті электрондық хабарға қосымшада Ақпараттық технологиялар департаментіне жібереді.".
3. 151-тармақта:
а) екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Одақ органдарының күшіне енетін кезі нақты күнтізбелік күнмен немесе ресми жариялау күнімен айқындалмаған актілерінің күшіне енетін күнтізбелік күні туралы анықтамалық ақпаратты дайындау үшін Құқықтық департаментке актіні Одақтың ресми сайтына жариялайтын күні жарияланған актілердің тізбесін тіркей отырып актінің күшіне енетін күнтізбелік күнін айқындау қажеттілігі туралы қызметтік жазба жіберіледі. Қызметтік жазбаны Комиссия актілеріне қатысты – Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті, Үкіметаралық кеңес және Жоғары кеңес актілеріне қатысты – Ақпараттық технологиялар департаменті жібереді.";
б) үшінші және бесінші абзацтарда "Ақпараттық технологиялар департаментіне" деген сөздердің алдында "тиісінше Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментіне немесе" деген сөздермен толықтырылсын.