Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификаты туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 199 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 147-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатының нысаны;

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын толтыру тәртібі;

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын пайдалану және мұндай сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 199 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатының нысаны

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификаты

А. Тіркеу нөмірі

В. Қолданылу мерзімінің аяқталу күні

1. Сертификат

2. Қамтамасыз етуді ұсынған тұлға

3. Ұсынылған қамтамасыз ету туралы мәліметтер

4. Сертификат сомасы

Қамтамасыз ету тәсілінің коды

Қамтамасыз етудің ұсынылуын растайтын құжаттың деректемелері

5. Декларант

6. Коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттар туралы мәліметтер

7. Жіберуші кеден органының мемлекеті

8. Алдыңғы сертификаттың тіркеу нөмірі

9. Сертификатты ұсынған адам туралы мәліметтер



С. Тіркеген кеден органының белгілері

D. Жіберген кеден органының белгілері

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 199 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын пайдалану және мұндай сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 147-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын (бұдан әрі – сертификат) пайдалану қағидаларын, соның ішінде сертификатты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекет, кеден органы) ұсыну, сертификатты тіркеу, тіркеуден бас тарту, оның қолданылуын тоқтату (жою), қабылдау және қабылдаудың күшін жою қағидаларын, сондай-ақ сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Сертификат, егер тауарларды бір мүше мемлекеттің кеден органы (бұдан әрі – жіберуші кеден органы) кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырса, ал осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын (бұдан әрі тиісінше – баждар, салықтар, қамтамасыз ету) төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету басқа мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайда пайдаланылады.

      Кеден органына қамтамасыз ету ұсынылған мүше мемлекеттің кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған жағдайда және қамтамасыз етудің ұсынылғанын растау мақсатында сертификат қолданылады, мұндай сертификатты пайдалану кезінде осы Тәртіптің 13-тармағы "е" тармақшасының, 18-тармағы "г" тармақшасының, 22-тармағының, 23-тармағы "в" тармақшасының, 25-тармағы "в" тармақшасының, 27-тармағы "б" тармақшасының ережелері қолданылмайды.

      3. Егер баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындау бірнеше тәсілдермен қамтамасыз етілген және (немесе) қамтамасыз ету әртүрлі валюталарда ұсынылған жағдайда, сертификаттар бір валютада тәсілдердің әрқайсысымен ұсынылған қамтамасыз етуге қатысты бөлек ресімделеді.

      4. Сертификат өзінің қолданылу мерзімі ішінде бір рет пайдаланылады.

      Бір транзиттік декларация бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын сертификаттың қолданылу мерзімі ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды.

      5. Сертификатты кеден органына ұсыну, сертификатты тіркеу не оны тіркеуден бас тарту, мұндай тіркеудің күшін жою, сертификаттың қолданысын тоқтату (жою), бұрын тіркелген сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын кеден органына қамтамасыз ету ұсынылған мүше мемлекеттің кеден органының (бұдан әрі – тіркеуші кеден органы) ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып тіркеледі.

      Сертификатты қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде қабылдау, сертификатты қабылдаудың күшін жою жіберуші кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып тіркеледі.

II. Сертификатты ұсыну, тіркеу және сертификатты тіркеуден бас тарту

      6. Қамтамасыз етуді ұсынған тұлға сертификатты тіркеуші кеден органына тіркеу мақсатында ұсынады. Баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындау кепілгерлікпен қамтамасыз етілген жағдайда, сертификатты кепілгерлік етушінің тіркеуші кеден органына ұсынуына жол беріледі.

      Сертификат Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын толтыру тәртібіне сәйкес толтырылған 1 – 9-бағандарымен ұсынылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификат тіркеуші кеден органына 2 данада ұсынылады. Мұндай сертификатты тіркеуші кеден органына ұсынғанда, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, оның электрондық түрі қоса ұсынылады.

      Сертификат қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ұсынылған кезде мұндай сертификат туралы және одан алынған мәліметтер сертификат тіркелгенге дейін кеден органының ақпараттық жүйесіне енгізілуі мүмкін.

      7. Сертификат тіркеуші кеден органына мынадай мерзімдерде:

      а) егер баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін мұндай кепілгерлік шартында немесе банк кепілдігінде кеден органының осы қамтамасыз ету тәсілдері шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы талап мұндай кепілгерлік шартының немесе банк кепілдігінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін қойылуы мүмкін деп айқындалса – кепілгерлік шартының немесе банк кепілдігінің қолданылу мерзімі ішінде;

      б) егер баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін мұндай кепілгерлік шартында немесе банк кепілдігінде осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген талап белгіленбесе – кепілгерлік шартының немесе банк кепілдігінің қолданылу мерзімі ішінде, бірақ олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін 4 айдан кешіктірілмей;

      в) егер баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындау мүлікті кепілге қоюмен қамтамасыз етілсе – мүлікті кепілге қою туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде, бірақ оның қолданылу мерзімі өткенге дейін 4 айдан кешіктірілмей;

      г) егер баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындау олардың тиісті шоттарда болуы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шектелген ақша қаражатымен (ақшамен) қамтамасыз етілсе – ақша қаражаты (ақша) тиісті шоттарда болған мерзім ішінде;

      д) егер мұндай құжатта осы қамтамасыз ету тәсілі шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы кеден органының талабы мұндай құжаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін қойылуы мүмкін деп айқындалса – Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген қамтамасыз ету тәсілі қолданылған кезде баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін құжаттың қолданылу мерзімі ішінде;

      е) егер осы тармақтың "д" тармақшасында көрсетілген талап мұндай құжатта белгіленбесе – Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген қамтамасыз ету тәсілі қолданылған кезде баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін құжаттың қолданылу мерзімі ішінде ұсынылады.

      8. Егер баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындау 2 немесе одан көп кепілгерлік шарттарымен, банк кепілдігімен, мүлікті кепілге қою туралы шарттармен, Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген қамтамасыз ету тәсілі қолданылған кезде баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін құжаттармен қамтамасыз етілген жағдайда, сертификат тіркеуші кеден органына ұсынылуға тиіс мерзім осы Тәртіптің 7-тармағына сәйкес, көрсетілген құжаттардың (шарттың, банк кепілдігінің немесе құжаттың) қайсысының қолданылу мерзімі ерте аяқталатыны негізге алына отырып айқындалады.

      9. Егер баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындау тиісті шоттарда болуы мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шектелмеген ақша қаражатымен (ақшамен) не қолданылу мерзімі шектелмеген кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілсе, тіркеуші кеден органына сертификатты ұсыну мерзімі де шектелмейді.

      10. Сертификат ұсынылған кезде тіркеуші кеден органы:

      а) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, сертификаттың электрондық құжат түрінде тіркеуші кеден органына ұсынылған күнін белгілеп тіркейді;

      б) қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатқа оның тіркеуші кеден органына ұсынылған күні туралы мәліметтерді енгізеді.

      11. Тіркеуші кеден органы сертификат ұсынылғаннан кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктермей сертификатты тіркейді немесе тіркеуден бас тартады.

      12. Тіркеуші кеден органы мына негіздердің тым болмағанда бірі болған кезде:

      а) қамтамасыз ету ұсынылмаса немесе кеден органы оны қабылдамаса немесе кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде қамтамасыз ету ретінде пайдаланылмаса;

      б) кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде қамтамасыз ету ретінде пайдаланылуы мүмкін ұсынылған қамтамасыз ету мөлшері сертификатта көрсетілген сомадан аз болса;

      в) сертификат сертификаттарды тіркеуге құқығы жоқ кеден органына ұсынылса;

      г) сертификатты осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген тұлғалардан өзге тұлға ұсынса;

      д) сертификатты толтырған жеке тұлғаның өкілеттіктері расталмаса (сертификатты ұсынған тұлғаның басшысы не қызметкері болып табылатын жеке тұлға қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатты толтырса);

      е) қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификат Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатының нысаны бойынша жасалмаса;

      ж) электрондық құжат түріндегі сертификаттың құрылымы мен форматы Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған құрылым мен форматқа сәйкес келмесе;

      з) Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын толтыру тәртібіне сәйкес көрсетілуге жататын мәліметтер сертификатта қамтылмаса;

      и) сертификат тіркеуші кеден органына осы Тәртіптің 7-тармағына сәйкес айқындалған мерзім өткен соң ұсынылса, сертификатты тіркеуден бас тартады.

      13. Сертификатты тіркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде тіркеуші кеден органы осы Тәртіптің 11-тармағында көзделген мерзімде:

      а) ақпараттық жүйеге қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификат туралы және одан алынған мәліметтерді, егер мұндай мәліметтер сертификатты тіркеуге дейін енгізілмеген болса, енгізеді;

      б) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, сертификатқа тіркеу нөмірін беру және оның қолданылу мерзімінің аяқталу күнін көрсету арқылы сертификатты тіркейді;

      в) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, электрондық құжат түріндегі сертификаттың (сертификаттың тіркеу нөмірін және оның қолданылу мерзімінің аяқталу күнін көрсете отырып) тіркелгені туралы сертификатты ұсынған тұлғаны хабардар етеді;

      г) қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатқа тіркеу нөмірі және оның қолданылу мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтерді енгізеді;

      д) сертификатты ұсынған тұлғаға қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі тіркелген сертификаттың екінші данасын тапсырысты почталық жөнелтіммен, тапсыру туралы хабарламамен жібереді немесе оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге тәсілмен береді;

      е) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, электрондық құжат түріндегі тіркелген сертификатты жібереді, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатты ресімдеген кезде – сертификаттың А, В және 1-бағандарынан, 3-бағанының "Қамтамасыз ету тәсілінің коды" кіші бөлімінің 3-бағанынан, 4 – 7-бағандарынан мәліметтерді мүше мемлекеттің жіберуші кеден органы орналасқан ақпараттық алмасуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кеден органына (бұдан әрі – уәкілетті жіберуші кеден органы) жібереді.

      14. Сертификатты тіркеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде тіркеуші кеден органы осы Тәртіптің 11-тармағында көзделген мерзімде:

      а) электрондық құжат түріндегі сертификатты тіркеуден бас тарту туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу арқылы (сертификатты тіркеуден бас тарту күні мен негізін көрсете отырып) не қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификаттың бірінші және екінші даналарына сертификатты тіркеуден бас тарту туралы мәліметтерді енгізу арқылы сертификатты тіркеуден бас тартады;

      б) егер сертификат туралы және одан алынған мәліметтер бұрын ақпараттық жүйеге енгізілген жағдайда, ақпараттық жүйеге қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатты тіркеуден бас тарту туралы ақпаратты енгізеді;

      в) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, сертификатты ұсынған тұлғаны электрондық құжат түріндегі сертификатты тіркеуден бас тарту туралы (мұндай бас тарту күні мен негізін көрсете отырып) хабардар етеді;

      г) сертификатты ұсынған тұлғаға қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификаттың бірінші және екінші даналарын тапсырысты почталық жөнелтіліммен, тапсыру туралы хабарламамен жібереді немесе оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге тәсілмен береді.

III. Сертификатты тіркеудің күшін жою

      15. Сертификатты ұсынған тұлғаның өтініші негізінде, сондай-ақ тіркеуші кеден органы сертификатты тіркеу күніне осы Тәртіптің12-тармағы "а", "б", "з" және "и" тармақшаларында көрсетілген негіздердің тым болмағанда біреуін анықтаған жағдайда, сертификатты тіркеудің күші жойылуы мүмкін.

      Сертификатты тіркеудің күшін жою осы Тәртіптің 29-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде оған өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда да жүргізілуі мүмкін, мұндай шарттар кезінде осы Тәртіптің 28-тармағына сәйкес ұсынылған жаңа сертификат тіркелуге жатады.

      16. Осы Тәртіптің 15-тармағында көрсетілген өтініш тіркеуші кеден органына беріледі. Мұндай өтініш электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде еркін нысанда берілуі мүмкін. Өтініште күшін жою болжанып отырған сертификаттың тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Егер сертификат қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделген жағдайда, сертификатты ұсынған тұлғаның қалауы бойынша өтініш беру сертификаттың екінші данасын ұсынумен қатар жүруі мүмкін.

      17. Мына негіздердің тым болмағанда біреуі болған кезде:

      а) жіберуші кеден органы сертификатты қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде қабылдаса;

      б) сертификаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе;

      в) осы Тәртіптің 15-тармағында көрсетілген өтінішті сертификатты тіркеуге ұсынған тұлғадан басқа тұлға берсе;

      г) тұлға осы Тәртіптің 15-тармағында көрсетілген өтінішті тіркеуші кеден органынан өзге кеден органына берсе, сертификатты тіркеудің күші жойылмайды.

      18. Осы Тәртіптің 17-тармағында көрсетілген негіздер болмаған кезде тіркеуші кеден органы осы Тәртіптің 15-тармағында көрсетілген өтініш берілген күннен не осы Тәртіптің 12-тармағының "а", "б", "з" және "и" тармақшаларында көрсетілген негіздердің тым болмағанда біреуі анықталған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей:

      а) сертификатты тіркеудің күшін жою туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу арқылы сертификатты тіркеудің (жою күнін, уақытын және жою үшін негіздерді көрсете отырып) күшін жояды;

      б) сертификатты ұсынған тұлғаны сертификатты тіркеудің күші жойылғаны туралы (сертификаттың тіркеу нөмірін, жою күні мен уақытын, ал сертификатты тіркеудің күші кеден органының бастамасы бойынша жойылған жағдайда мұндай жоюдың себептерін көрсете отырып) кез келген қолжетімді тәсілмен хабардар етеді;

      в) қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификаттың екінші данасына (ол тіркеуші кеден органына ұсынылған жағдайда) сертификатты тіркеудің күші жойылғаны туралы мәліметтерді енгізеді және оны сертификатты ұсынған тұлғаға почталық жөнелтіліммен қайтарады немесе өзге тәсілмен береді;

      г) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, уәкілетті жіберуші кеден органына сертификатты тіркеудің күші жойылғаны туралы мәліметтерді қамтитын (сертификаттың тіркеу нөмірін, оны тіркеудің күшін жою күні мен уақытын көрсете отырып) электрондық құжатты жібереді.

      19. Сертификатты тіркеудің күшін жоюға болмайтын, осы Тәртіптің 17-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде тіркеуші кеден органы бұл туралы осы Тәртіптің 15-тармағында көрсетілген, өтініш берген тұлғаны кез келген қолжетімді тәсілмен (тиісті негізді көрсете отырып) хабардар етеді.

IV. Сертификатты қабылдау және қабылдаудың күшін жою

      20.Тіркеуші кеден органы тіркеген қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификаттың екінші данасын тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыратын декларант жіберуші кеден органына ұсынады.

      Электрондық құжат түріндегі сертификатты тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыратын декларант жіберуші кеден органына ұсынбайды.

      21. Жіберуші кеден органы тіркелген сертификатты қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде қабылдайды:

      а) тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған кезге сертификатты тіркеудің күші жойылмаса;

      б) тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған кезге өзге транзиттік декларация бойынша кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде сертификат пайдаланылмаса;

      в) сертификаттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтер транзиттік декларацияда көрсетілсе;

      г) транзиттік декларацияда көрсетілген, кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар декларанты туралы мәліметтер сертификаттың 5-бағанында (құрылымның тиісті деректемелерінде) көрсетілген тұлға туралы мәліметтермен сәйкес келсе;

      д) транзиттік декларацияда көрсетілген коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттары туралы мәліметтер сертификаттың 6-бағанында (құрылымның тиісті деректемелерінде) көрсетілген мәліметтермен сәйкес келсе;

      е) Кодекстің 147-бабының 6-тармағында көзделген шарттар сақталса.

      22. Кодекстің 147-бабының 6-тармағында көзделген шарттардың сақталуын тексеру кезінде жіберуші кеден органының ақпараттық жүйесінде электрондық құжат түріндегі сертификат не қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификат туралы және одан алынған мәліметтердің жоқ екендігі анықталған жағдайда, жіберуші кеден органы тіркеуші кеден органы (бұдан әрі – уәкілетті тіркеуші кеден органы) орналасқан мүше мемлекеттің ақпараттық алмасуды жүзеге асыруға уәкілетті кеден органынан тіркеу нөмірі туралы мәліметтер транзиттік декларацияда көрсетілген сертификатты ресімдеу және тіркеу фактісі туралы сұрау салады.

      Сұрау салуды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті тіркеуші кеден органы ақпараттық жүйені пайдалана отырып, электрондық құжат түрінде тіркелген сертификатты, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификат ресімделген кезде сертификаттың А, В және 1-бағандарынан, 3-бағанының "Қамтамасыз ету тәсілінің коды" кіші бөлімінің 3-бағанынан, 4 – 7-бағандарынан мәліметтерді мүше мемлекеттің жіберуші кеден органына жібереді не уәкілетті жіберуші кеден органын сұрау салуда көрсетілген сертификаттың тіркелмегендігі туралы хабардар етеді.

      Осы тармақта көзделген әрекеттер тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарылатын мерзім шегінде жүзеге асырылады.

      23. Сертификатты қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде қабылдауды жіберуші кеден органы мына әрекеттерді жасау:

      а) ақпараттық жүйеде ол туралы мәліметтер транзиттік декларацияда көрсетілген қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде сертификаттың қабылданғаны туралы ақпаратты қалыптастыру (транзиттік декларацияның тіркеу нөмірін көрсете отырып);

      б) ол туралы мәліметтер транзиттік декларацияда көрсетілген қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатқа транзиттік декларацияның тіркеу нөмірін енгізу;

      в) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, уәкілетті тіркеуші кеден органына қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде сертификаттың қабылданғаны туралы электрондық құжатты жіберу (сертификат пен транзиттік декларацияның тіркеу нөмірлерін көрсете отырып) арқылы жүзеге асырады.

      24. Қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде сертификатты қабылдаудың күшін жоюды жіберуші кеден органы мына негіздердің бірі болған кезде жүзеге асырады:

      а) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудың күші жойылса;

      б) тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес шығарғаннан кейін транзиттік декларацияға өзгерістер (толықтырулар) енгізілсе және транзиттік декларацияда көрсетілген мәліметтерге сәйкес (оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып) Еуразиялық экономикалық одақ құқығына сәйкес қамтамасыз етуді ұсыну талап етілмесе.

      25. Сертификатты қабылдаудың күшін жоюды жіберуші кеден органы мына әрекеттерді жасау:

      а) қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде ол туралы мәліметтер транзиттік декларацияда мәлімделген сертификатты қабылдаудың күшін жою туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу (транзиттік декларацияның тіркеу нөмірін көрсете отырып);

      б) қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде сертификатты қабылдаудың күшін жою туралы мәліметтерді ол туралы мәліметтерді транзиттік декларацияда мәлімделген қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатқа енгізу;

      в) қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжат ретінде сертификатты қабылдаудың күшін жою туралы электрондық құжатты уәкілетті тіркеуші кеден органына жіберу (сертификат пентранзиттік декларацияның тіркеу нөмірлерін көрсете отырып) арқылы жүзеге асырады.

V. Сертификаттың қолданылуын тоқтату (жою)

      26. Сертификаттың қолданылуы Кодекстің 153-бабының 3-тармағына сәйкес (Кодекстің 153-бабы 3-тармағының 7 және 8-тармақшаларын қоспағанда) баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер тоқтатылған кезде тоқтатылады (сертификат жойылады).

      Сертификаттың қолданылуын тоқтату (жою) туралы шешімді тіркеуші кеден органы қабылдайды.

      27. Сертификаттың қолданылуын тоқтату (жою) туралы шешім қабылданған жағдайда тіркеуші кеден органы:

      а) ақпараттық жүйеге сертификаттың қолданылуын тоқтату (жою) туралы ақпаратты енгізеді (сертификаттың тіркеу нөмірін, оның қолданылуын тоқтату (жою) күні мен негіздерін көрсете отырып);

      б) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, уәкілетті жіберуші кеден органына сертификаттың қолданылуын тоқтату (жою) туралы (сертификаттың тіркеу нөмірін, оның қолданылуын тоқтату (жою) күні мен негіздерін көрсете отырып) электрондық құжатты жібереді.

VI. Сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу

      28. Сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет болған жағдайда қажетті өзгерістер (толықтырулар) ескеріле отырып жасалған және осы Тәртіптің 18-тармағына сәйкес тіркелуі жойылатын бұрын тіркелген сертификаттың тіркеу нөмірін 8-бағанда көрсете отырып, тіркеуші кеден органына жаңа сертификат ұсынылады.

      Жаңа сертификатты тіркеу осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. Қажетті өзгерістер (толықтырулар) ескеріле отырып жасалған сертификатты тіркеу мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде жүзеге асырылады:

      а) бұрын тіркелген сертификатты ұсынған тұлға сертификатты ұсынса;

      б) осы Тәртіптің 17-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көзделген, бұрын тіркелген сертификатты тіркеудің күшін жою мүмкін болмайтын негіздер болмаса;

      в) сертификатты тіркеуден бас тарту үшін осы Тәртіптің 12-тармағында көзделген негіздер болмаса.

      30. Осы Тәртіптің 29-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда тіркеуші кеден органы сертификат ұсынылған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей:

      а) электрондық құжат түріндегі сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту туралы ақпаратты не қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификаттың бірінші және екінші даналарына оған өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту туралы мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу арқылы өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тартады (мұндай бас тартудың күні мен негіздерін көрсете отырып);

      б) егер қажетті өзгерістер (толықтырулар) ескеріле отырып жасалған жаңа сертификат туралы мәліметтер және одан алынған мәліметтер бұрын ақпараттық жүйеге енгізілген жағдайда, қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізеді;

      в) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, сертификатты ұсынған тұлғаны электрондық құжат түріндегі сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту туралы хабардар етеді (мұндай бас тартудың күні мен негіздерін көрсете отырып);

      г) сертификатты ұсынған тұлғаға қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификаттың бірінші және екінші даналарын почталық жөнелтіліммен жібереді немесе өзге тәсілмен береді.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 199 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын толтыру ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын (бұдан әрі – сертификат) электрондық құжат түрінде және қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде толтыру қағидаларын айқындайды.

      2. Осы Тәртіп кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді беруді растау мақсатында, ал Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 143-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған жағдайларда бір транзиттік декларация бойынша өткізілетін тауарларға қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді беруді растау (бұдан әрі – тиісінше баждар, салықтар, қамтамасыз ету) мақсатында сертификатты пайдалану кезінде қолданылады.

      3. Электрондық құжат түріндегі сертификат Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған құрылымға сәйкес толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификат Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген нысан бойынша толтырылады.

      4. Сертификат толтырылған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) заңнамасына сәйкес қалыптастырылуға және қолданылуға жататын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.

      5. Осы Тәртіптің мақсаты үшін баған деп электрондық құжат түріндегі сертификат құрылымының деректемесі (деректемелері) немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификат нысанының құрылымдық бірлігі түсініледі, ол кіші бөлімдерді, колонкаларды және элементтерді қамтуы мүмкін. Осы Тәртіпке сәйкес бір бағанда бір белгі бойынша біріктірілген мәліметтер көрсетіледі.

      6. Электрондық құжат түріндегі сертификат сертификатты автоматтандырылған өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтерді қамтуы мүмкін. Мұндай мәліметтер ақпараттық жүйеде қалыптастырылады. Аталған мәліметтердің құрамы сертификат құрылымында электрондық құжат түрінде айқындалады.

      Техникалық сипаттағы мәліметтер электрондық құжат түріндегі сертификаттың қағаз көшірмесін басып шығару кезінде көрсетілмейді.

      7. Қағаз жекізгіштегі құжат түріндегі сертификат А4 форматындағы қағаз парақтарда 2 данада жасалады. Бір данасы осындай мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын, оның кеден органына қамтамасыз ету берілген мүше мемлекеттің кеден органына (бұдан әрі – тіркеуші кеден органы) арналған, ал екіншісі сертификатты ұсынған адамға арналған.

      Шетелдік тұлғалардың атауын және мекенжайын, коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттары туралы мәліметтерді латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып, көрсетуге жол беріледі.

      8. Егер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификаттың бағандарында мәліметтерді көрсету үшін орын жеткіліксіз болса, мұндай мәліметтер сертификаттың артқы бетінде көрсетіледі. Бұл ретте сертификаттың тиісті бағанында "Артқы бетін қараңыз" деген жазба жасалады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификаттың артқы бетінде тиісті бағанның нөмірі қойылады және осы бағанда көрсетілуге жататын мәліметтер беріледі. Көрсетілген мәліметтер сертификатты толтырған адамның қолымен расталады.

      9. "Сертификат" 1-бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Электрондық құжат түріндегі сертификатты толтыру кезінде бағанда "ЭҚ" аббревиатурасы көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатты толтырған кезде баған толтырылмайды.

      10. "Қамтамасыз етуді берген адам" 2-бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Осы Тәртіптің 22-тармағына сәйкес бағанда қамтамасыз етуді берген адам туралы мәліметтер көрсетіледі.

      11. "Берілген қамтамасыз ету туралы мәліметтер" 3-бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанда берілген қамтамасыз ету туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Бағанның сол жақ кіші бөлімінде (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің сыныптауышына сәйкес қамтамасыз ету тәсілінің коды көрсетіледі.

      Бағанның оң жақ кіші бөлімінде (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) қамтамасыз етудің берілгенін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (қамтамасыз ету ретінде қаржы қаражаты (ақша) енгізілгенін растайтын құжаттар, кепілгерлік шарттары, банк кепілдігі, мүлік кепілі туралы шарттар, Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген қамтамасыз ету тәсілін қолданған кезде баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін құжаттар), ал мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген, берілген қамтамасыз етуді қабылдауды растайтын кеден құжаттары болған кезде осындай кеден құжаты туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Мұндай мәліметтер құжаттың нөмірін және кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында күнін, ал егер құжатты кеден органы тіркеген болса, құжаттың тіркеу нөмірін не кеден құжатының тіркеу нөмірін (мұндай кеден құжаты болған жағдайда) қамтиды.

      Беларусь Республикасында бағанның оң жақ кіші бөлімінде (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) берілген қамтамасыз етудің мөлшері және валюталар сыныптауышына сәйкес осындай қамтамасыз ету берілген валютаның әріптік коды да көрсетіледі.

      Электрондық құжат түріндегі сертификатта мәліметтер сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта әрбір құжат бойынша сызықша белгісі "–" арқылы жекелеген жолдармен көрсетіледі.

      12. "Сертификат сомасы" 4-бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанда сертификат ресімделетін қамтамасыз ету сомасы және валюталар сыныптауышына сәйкес осындай қамтамасыз ету берілген валютаның әріптік коды көрсетіледі.

      Электрондық құжат түріндегі сертификатта мәліметтер сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта сызықша белгісі "–" арқылы көрсетіледі.

      Сертификат ресімделетін қамтамасыз ету сомасы үтірден кейін дәл 2 белгіге дейін көрсетіледі, ал Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасында бүтін шамаға дейін дөңгелектенеді.

      13. "Декларант" 5-бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанда осы Тәртіптің 22-тармағына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсіміне жатқызылған тауарлар декларанты ретінде әрекет ететін адам туралы мәліметтер көрсетіледі.

      14. "Коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттары туралы мәліметтер" 6-бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанда коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттары туралы мынадай мәліметтер:

      құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжат коды;

      құжаттың нөмірі және кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында күні көрсетіледі.

      Электрондық құжат түріндегі сертификатта мұндай мәліметтер сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта сызықша белгісі "–" арқылы көрсетіледі.

      15. "Жөнелтуші кеден органының мемлекеті" 7-бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанда әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес мүше мемлекеттің кеден органына қамтамасыз етуді беруді растау ретінде сертификат берілетін мүше мемлекеттің коды көрсетіледі.

      16. "Алдыңғы сертификаттың тіркеу нөмірі" 8-бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанда (сертификат құрылымының тиісті деректемесінде) бұған дейін тіркелген сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде өзгерістер (толықтырулар) енгізу көзделіп отырған сертификаттың тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      Өзге жағдайларда баған (сертификат құрылымының тиісті деректемесі) толтырылмайды.

      17. "Сертификатты ұсынған тұлға туралы мәліметтер" 9-бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанның сол жақ кіші бөлімінде (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) осы Тәртіптің 22-тармағына сәйкес сертификатты тіркеу үшін ұсынған тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Егер сертификатты сертификаттың 2-бағанында көрсетілген тұлға ұсынса, бағанның сол жақ кіші бөліміне сәйкес келетін электрондық құжат түріндегі сертификат құрылымының деректемелерінде мәліметтердің бірдей болу белгісі көрсетіледі, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификат бағанының сол жақ кіші бөлімінде "2-бағанды қараңыз" жазбасы жасалады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификат бағанының оң жақ кіші бөлімінде сертификат толтырған жеке тұлға туралы мынадай мәліметтер:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);

      осы Тәртіптің 24-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      сертификат ұсынған адамның штаттық кестеге сәйкес атқаратын лауазымы (болған кезде);

      осы Тәртіптің 26-тармағына сәйкес сертификат толтырған жеке тұлғаның байланыс деректемесі;

      сертификат ұсынған тұлға басшысының өкілеттіктерін куәландыратын құжат не сертификатты ұсынған тұлға жұмыскерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (егер сертификатты ұсынған адамның басшысы не қызметкері болып табылатын жеке тұлға сертификатты толтырса):

      құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес код;

      нөмірі;

      кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында күні;

      кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында қолданылу мерзімі (егер ондай мерзім белгіленсе) көрсетіледі.

      Бұл мәліметтер (осы тармақтың тоғызыншы абзацында көзделген мәліметтерді қоспағанда, олар бос орын арқылы көрсетіледі) жекелеген жолдармен көрсетіледі.

      Бағанның оң жақ кіші бөлімінде көрсетілген мәліметтердің төменгі жағында сертификат толтырған жеке адам өз қолын және кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында сертификатты толтыру күнін қояды.

      18. "A. Тіркеу нөмірі" бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанда тіркеуші кеден органы мына схема бойынша қалыптастырылған сертификаттың тіркеу нөмірін көрсетеді:

      1-элемент – мынадай ерекшеліктерді ескере отырып, мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес тіркеуші кеден органының коды:

      Армения Республикасы үшін – 051, "000" цифрлары және бұдан әрі Армения Республикасында қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (051000ХХ);

      Беларусь Республикасы үшін – 112 және бұдан әрі Беларусь Республикасында қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (112ХХХХХ);

      Қазақстан Республикасы үшін – 398 және бұдан әрі Қазақстан Республикасында қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (398ХХХХХ);

      Қырғыз Республикасы үшін – 417 және бұдан әрі Қырғыз Республикасында қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес кеден органының коды (417XXXXX);

      2-элемент – КК.АА.ЖЖ. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында сертификатты тіркеу күні;

      3-элемент – сертификаттарды тіркеу журналы бойынша берілетін сертификаттың реттік нөмірі (нөмірленуі әр күнтізбелік жылда 0000001-ден басталады).

      Электрондық құжат түріндегі сертификатта сертификаттың тіркеу нөмірінің элементтері сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта сертификаттың тіркеу нөмірінің барлық элементтері бөлу "/" белгісі арқылы көрсетіледі, элементтер арасында бос орынға жол берілмейді:



      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта сертификатты тіркеу туралы мәліметтер тіркеуші кеден органының лауазымды адамдарының қолымен және осы лауазымды адамның жеке нөмірі бар мөрінің бедерімен расталады.

      19. "В. Қолданылу мерзімінің аяқталу күні" бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанда тіркеуші кеден органы сертификаттың қолданылу мерзімінің ақяталу күнін кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында көрсетеді.

      20. "С. Тіркеуші кеден органының белгілемелері" бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанда тіркеуші кеден органы сертификатты тіркеу үшін кеден органына ұсыну туралы, сертификатты тіркеуден бас тарту туралы, сертификатты тіркеудің күшін жою туралы, оның қолданысының тоқтатылғаны (жою) туралы, бұрын тіркелген сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту туралы мәліметтерді көрсетеді.

      Электрондық құжат түріндегі сертификатта мәліметтер сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта 1 – 5 реттік нөмірлерімен мынадай тәртіппен көрсетіледі:

      1 нөмірімен (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) тіркеуші кеден органына сертификатты беру күні кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында көрсетіледі;

      2 нөмірімен (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) сертификатты тіркеуден бас тарту күні кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында және қосымшаға сай сыныптауышқа (бұдан әрі – сыныптауыш) сәйкес сертификатты тіркеуден бас тарту негізінің коды көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта қосымша жазба жасалады немесе "Тіркеуден бас тартылды" деген мөртабанның бедері қойылады;

      3 нөмірімен (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында сертификатты тіркеудің күшін жою күні, күшін жою уақыты (hh:mm форматында), сыныптауышқа сәйкес сертификатты тіркеудің күшін жою үшін негіздер коды, ал Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын толтыру тәртібінің VI-бөліміне сәйкес өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін сертификаттың күші жойылған және осындай сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізілген жағдайда жаңа сертификаттың тікреу нөмірі көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта қосымша жазба жасалады немесе "Тіркеудің күші жойылды" деген мөртабанның бедері қойылады;

      4 нөмірімен (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында сертификаттың қолданысын тоқтату (жою) күні және сыныптауышқа сәйкес сертификаттың қолданысын тоқтату (жою) үшін негіздер коды көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта қосымша жазба жасалады немесе "Қоданысын тоқтату (жою)" деген мөртабанның бедері қойылады;

      5 нөмірімен (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында бұрын тіркелген сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту күні және сыныптауышқа сәйкес осындай бас тарту үшін негіздер коды көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта қосымша жазба жасалады немесе "Өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тартылды" деген мөртабанның бедері қойылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта 2 – 5 нөмірлерімен берілген мәліметтер "/" бөлу белгісі арқылы көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта бағанда көрсетілген мәліметтер тіркеуші кеден органының лауазымды адамының қолымен және осы лауазымды адамның жеке нөмірі бар мөрінің бедерімен куәландырылады.

      21. "D. Жөнелту кеден органының белгілемелері" бағаны мына тәртіппен толтырылады.

      Бағанда (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) қамтамасыз етуді беруді растайтын құжат ретінде сертификатты қабылдаған жөнелтуші кеден органы қамтамасыз етуді беруді растайтын құжат ретінде сертификат қабылданған транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі көрсетеді.

      Бағанда (сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде) сертификатты қабылдаудың күші жойылған жағдайда кк.аа.жж. (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 цифры) форматында сертификатты қабылдаудың күшін жою күні және сыныптауышқа сәйкес осындай күшін жою үшін негіздер коды көрсетіледі. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта жазба жасалады немесе "Күші жойылды" деген мөртабанның бедері қойылады, транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі сызылады.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта сертификатты қабылдаудың күшін жою туралы мәліметтер "/" бөлу белгісі арқылы көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта бағанда көрсетілген мәліметтер жөнелтуші кеден органының лауазымды адамының қолымен және осы лауазымды адамның жеке нөмірі бар мөрінің бедерімен куәландырылады

      22. Қамтамасыз етуді берген адам туралы не кепілгер туралы (егер сертификатты кепілгер берсе), сондай-ақ кедендік транзиттің кедендік рәсіміне жатқызылған тауарлар декларанты ретінде әрекет ететін адам туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі сертификатта сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта сертификаттың тиісті бағандарында жекелеген жолдармен көрсетіледі және мыналарды:

      1) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын заңды тұлға және ұйым үшін:

      қысқа (қысартылған) немесе толық атауы;

      орналасқан жері (осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес);

      салықтық нөмірі (осы Тәртіптің 25-тармағына сәйкес);

      Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасында қолданылатын кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру сыныптауышына сәйкес кедендік сәйкестендіру нөмірі (КСН), Қырғыз Республикасы үшін – Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпыреспубликалық сыныптауышының коды (КҰЖС), Ресей Федерациясы үшін – негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі (НМТН);

      байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 26-тармағына сәйкес);

      2) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (бұдан әрі – дара кәсіпкер) үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      тұрғылықты жері (осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес);

      салықтық нөмірі (осы Тәртіптің 25-тармағына сәйкес);

      Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасында қолданылатын кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру сыныптауышына сәйкес кедендік сәйкестендіру нөмірі (КСН), Қырғыз Республикасы үшін – Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпыреспубликалық сыныптауышының коды (КҰЖС), Ресей Федерациясы үшін – дара кәсіпкерді негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі (ДКНМТН);

      байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 26-тармағына сәйкес);

      3) заңды тұлға болып табылмайтын және мүше мемлекетте тұрақты тұрғылықты жері бар және осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      тұрғылықты жері (осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес);

      жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер (осы Тәртіптің 24-тармағына сәйкес);

      салықтық нөмірі (осы Тәртіптің 25-тармағына сәйкес) (Беларусь Республикасынан басқа);

      Армения Республикасы үшін – қоғамдық көрсетілетін қызметтердің нөмірлік белгісі (ҚКҚНБ) немесе осындай белгінің жоқ екендігі туралы анықтама нөмірі, Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасында қолданылатын кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру сыныптауышына сәйкес кедендік сәйкестендіру нөмірі (КСН), басқа мүше мемлекеттер үшін сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

      байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 26-тармағына сәйкес);

      4) шетелдік ұйым үшін:

      толық немесе қысқа (қысартылған) атауы;

      орналасқан жері (осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес);

      салықтық нөмірі (осы Тәртіптің 25-тармағына сәйкес) (Қазақстан Республикасы үшін);

      байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 26-тармағына сәйкес);

      5) шетелдік жеке тұлға үшін

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      тұрғылықты жері (осы Тәртіптің 23-тармағына сәйкес);

      жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер (осы Тәртіптің 24-тармағына сәйкес);

      Армения Республикасы үшін – қоғамдық көрсетілетін қызметтердің нөмірлік белгісі (ҚКҚНБ) немесе осындай белгінің жоқ екендігі туралы анықтама нөмірі, Қазақстан Республикасы үшін (осы Тәртіптің 25-тармағына сәйкес) – салықтық нөмір, басқа мүше мемлекеттер үшін сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

      байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 26-тармағына сәйкес) қамтылады.

      23. Тұрғылықты жері немесе орналасқан жері туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі сертификатта сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта сертификаттың тиісті бағанында үтір арқылы жекелеген жолмен көрсетіледі және мыналарды:

      1) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің (өңірдің немесе елдің бір бөлігінің) қысқаша атауын;

      2) әкімшілік-аумақтық бірлікті (өңір, облыс, аудан және т.б.) (Қырғыз Республикасы үшін Қырғыз Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бар және дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға туралы мәліметтерді көрсеткен кезде – әкімшілік-аумақтық және аумақтық бірліктер объектілерін белгілеу жүйесінің мемлекеттік сыныптауышына (ӘАОЖ МС) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің коды);

      3) елді мекенді;

      4) көшені (бульвар, даңғыл және с.с.);

      5) үйдің нөмірін;

      6) корпустың (құрылыстың) нөмірін;

      7) пәтердің (бөлменің, офистің) нөмірін қамтиды.

      24. Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі сертификатта сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта сертификаттың тиісті бағанында үтір арқылы жекелеген жолмен көрсетіледі және мыналарды:

      1) жеке басты куәландыратын құжат түрелерінің сыныптауышына сәйкес құжат түрінің кодын;

      2) уәкілетті органы әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес жеке басты куәландыратын құжатты берген елдің (өңірдің немесе елдің бір бөлігінің) кодын;

      3) құжаттың сериясын (бар болса) және нөмірін (бос орын арқылы);

      4) кк.аа.жжжж. форматында (күні, айы, күнтізбелік жылы) құжаттың берілген күнін қамтиды.

      25. Тұлғаның салықтық нөмірі деп:

      Армения Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН);

      Беларусь Республикасында – салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН) (дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаны қоспағанда);

      Қазақстан Республкасында – ұйым (филиал және өкілдік) үшін және қызметті бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлға үшін, соның ішінде қызметті жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәспкер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН). Сертификатты ұсынған адам, кедендік транзит кедендік рәсіміне жатқызылған тауарлар декларанты ретінде шетелдік адам әрекет ететін болса, онда шетелдік заңды тұлға үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) не шетелдік жеке тұлға үшін бірегей сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетіледі;

      Қырғыз Республикасында мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға үшін және дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін салық төлеушінің салықтық сәйкестендіру нөмірі (ССН) не Қырғыз Республикасының аумағында коммерциялық қызметін жүзеге асыратын және дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

      Ресей Федерациясында салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН), ал заңды тұлға үшін – есепке қою себебінің коды (ЕСК) (заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі үшін оқшауланған бөлімшенің орналасқан жерінде берілген ЕСК қойылады). Есепке қою себебінің коды (ЕСК) электрондық құжат түріндегі сертификатта сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта "/" – бөлу белгісі арқылы көрсетіледі.

      26. Адамның байланыс деректемелері туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі сертификатта сертификат құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатта сертификаттың тиісті бағанында үтір арқылы жекелеген жолмен көрсетіледі және мыналарды:

      1) байланыс түрінің атауын (телефон, факс, электрондық пошта және т.б.);

      2) байланыс арнасын сәйкестендіргішті (телефон, факс нөмірлері, электрондық поштаның мекенжайы және т.б.) қамтиды.

  Кедендік баждарды, салықтарды
төлеу бойынша міндеттердің
орындалуын қамтамасыз ету
сертификатын толтыру тәртібіне
қосымша

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын тіркеуден бас тарту, тіркеудің күшін жою, қолданылуын тоқтату (жою), қабылдаудың күшін жою негіздерінің, сондай-ақ осындай сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту негіздерінің СЫНЫПТАУЫШЫ

Коды

Негіздер

I. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын тіркеуден бас тарту негіздері

0

кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету (бұдан әрі – баждар, салықтар) берілмеді немесе оны кеден органы қабылдамады немесе кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланылмайды

1

кедендік транзит кедендік рәсімі кезінде баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланылуы мүмкін, баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын берілген қамтамасыз етудің мөлшері кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатында көрсетілген сомадан аз (бұдан әрі – сертификат)

2

сертификат сертификатты тіркеуге құқығы жоқ кеден органына ұсынылды

3

сертификатты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20__ жылғы ___ ______ № __ шешімімен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын пайдалану және осындай сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінің (бұдан әрі – Сертификатты пайдалану тәртібі) 6-тармағында көрсетілген тұлғадан өзге тұлға берді

4

сертификатты толтырған жеке тұлғаның өкілеттіктері расталған жоқ (егер қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификатты сертификат ұсынған тұлғаның басшысы не жұмыскері болып табылатын жеке тұлға толтырған жағдайда)

5

қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі сертификат Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20__ жылғы ___ ______ № __ шешімімен бекітілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатының нысаны бойынша жасалмаған

6

электрондық құжат түріндегі сертификаттың құрылымы мен форматы Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған құрылым мен форматқа сәйкес келмейді

7

сертификат Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20__ жылғы ___ ______ № __ шешімімен бекітілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету сертификатын толтыру тәртібіне сәйкес көрсетуге жататын мәліметтерді қамтымайды

8

сертификат Сертификатты пайдалану тәртібінің 7-тармағына сәйкес айқындалған мерзім өткеннен кейін кеден органына ұсынылды

II. Сертификатты тіркеудің күшін жою үшін негіздер

0

сертификатты ұсынған адамның өтініші

1

сертификатты тіркеген кеден органы сертификатты тіркеу күніне орын алған, Сертификатты пайдалану тәртібінің 12-тармағының "а", "б", "з" және "и" тармақшаларында көрсетілген негіздердің тым болмаса біреуін анықтады

2

тіркелген сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу

III. Сертификаттың қолданысын тоқтату (жою) үшін негіздер

0

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 153-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 151-бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын тоқтату

1

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 440-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператордың тауарды қабылдауы

2

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 129-бабының 6-тармағына сәйкес оларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды уақытша сақтауға орналастыру

3

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 129-бабының 7-тармағына сәйкес оларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданылуы тоқтатылған тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру

4

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 153-бабының 6-тармағына сәйкес баджарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындау және (немесе) оларды есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу

5

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес осындай жоюға немесе қайтарымсыз жоғалғанға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты баждарды, салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органы авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін мойындауы

6

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарды тәркілеу немесе осы мүше мемлекеттің меншігіне (кірісіне) айналдыру

7

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 51-тарауына сәйкес кеден органдарының тауарларды ұстауы

8

қылмыс туралы хабарды тексеру кезінде алынған немесе қамауға алынған, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы (әкімшілік процесті жүргізу) іс бойынша жүргізу барысында және егер бұрын ондай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, оларға қатысты тауарларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды кедендік рәсімдердің біріне уақытша сақтауға орналастыру немесе қою

IV. Сертификатты қабылдаудың күшін жою үшін негіздер

1

кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудың күші жойылды

2

кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік декларацияға өзгерістер (толықтырулар) енгізілді және транзиттік декларацияда көрсетілген мәліметтерге сәйкес (оған енгізілген өзгерістерді ескере отырып) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына сәйкес баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді беру талап етілмейді

V. Сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту үшін негіздер

0

сертификат оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу көзделіп отырған сертификатты ұсынған адамнан өзге адам бұрын тіркелген сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізуі мақсатында ұсынылды

1

Қамтамасыз ету сертификатын пайдалану тәртібінің 17-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көзделген негіздердің болуы, олар болған кезде өзгерістер (толықтырулар) енгізу көзделген сертификатты тіркеудің күшін жою мүмкін емес

2

Қамтамасыз ету сертификатын пайдалану тәртібінің 12-тармағында көзделген өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу мақсатында ұсынылған сертификатты тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болуы

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады