2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабының 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 275 шешімімен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 211 шешіміне ҚОСЫМША |
Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
Мынадай мазмұндағы 15 – 21 позициялармен толықтырылсын:
"
15 | 97.200.50 |
Ойыншықтар. Қауіпсіздік талаптары. 1-бөлім. Механикалық және физикалық қасиеттер. | 4-баптың 3.1 – 3.3, 3.9, 4 және 5-тармақтары | 2020 жыл | 2021 жыл | Беларусь Республикасы |
16 | 97.200.50 |
Ойыншықтардың қауіпсіздігі. 8-бөлім. Жасын анықтау бойынша жетекші нұсқаулар. | 4-баптың 5.3-тармағы | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
17 | 97.200.50 |
Ойыншықтардың қауіпсіздігі. 7-бөлім. Саусақпен сурет салуға арналған бояулар. Техникалық талаптар және сынақ әдістері. |
4-баптың 3.4, 3.5, 4 және | 2019 жыл | 2020 жыл | Беларусь Республикасы |
18 | 97.200.50 |
Ойыншықтардың қауіпсіздігі. 8-бөлім. Үйде пайдалану үшін белсенді демалысқа арналған ойыншықтар. |
4-баптың 3.1, 3.2, 4 және | 2019 жыл | 2020 жыл | Беларусь Республикасы |
19 |
97.200.50 |
Электр ойыншықтар. Қауіпсіздік. |
4-баптың 3.6, 4 және | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
20 | 13.110 |
Лазерлік бұйымдардың қауіпсіздігі. 1-бөлім. Жабдықтарды сыныптау және талаптар. | 4-баптың 3.2-тармағы | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
21 | 13.060.50 |
Судың сапасы. Кейбір элементтерді индуктивті байланысты плазмамен (ICP-OES) атомды-эмиссиялық спектрометрия әдісімен анықтау. | 2-қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Беларусь Республикасы |
".