Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін коррозияға төзімді болаттан жасалған ыстықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 218 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін 5 жыл деп белгілей отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, Қытай Халық Республикасында шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 7304 49 100 0, 7304 49 930 1, 7304 49 930 9, 7304 49 950 1, 7304 49 950 9 және 7304 49 990 0 кодтарымен сыныпталатын ыстықтай деформация әдісімен дайындалған, сыртқы диаметрі қоса алғанда 650 мм дейін болатын, коррозияға төзімді болаттан жасалған дөңгелек көлденең қималы жіксіз құбырларға қатысты кедендік құнның 15,50 пайызы мөлшерінде демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да, тауар атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешіммен көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады