Еуразиялық экономикалық одақтағы перспективалық интеграциялық жобалар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 1 өкімі

      1. Ресей Федерациясының мынадай перспективалық интеграциялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделілігі назарға алынсын:

      еуразиялық ақша аударымдары жүйесін дамыту;

      ауыл шаруашылық тауарлары мен азық-түлік өнімдері саудасында логистикалық және көтерме сауда-бөлу механизмдерін жетілдіру;

      шағын және орта бизнес үшін сандық сауда платформасын (экожүйе) құру;

      білім, ғылым, кино, мәдениет, туризм, демалыс және ойын-сауық, спорт және т.б. салаларда, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) тілдерінде бірлескен еуразиялық интернет-ресурстар құру.

      2. Мыналар:

      интеграциялық ынтымақтастықты тереңдетуге, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, азаматтар мен бизнес үшін интеграциялық процестердің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған перспективалық интеграциялық жобаларды пысықтау;

      әдетте, барлық, бірақ кемінде үш мүше мемлекеттің, сондай-ақ мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қатысуын көздейтін жобалық форматтағы интеграциялық бастамаларды әзірлеу орынды деп танылсын.

      3. Мүше мемлекеттердің үкіметтерінен 2019 жылғы 22 ақпанға дейін үйлестіруші мемлекеттік органдарды және тиісті жобаны іске асыруға мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілерді көрсете отырып, перспективалы интеграциялық жобалар бойынша ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу сұралсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп:

      еуразиялық интеграциялық жобаларды басқарудың және оларды қаржыландырудың тиімді жүйесін құру және жобаларды іске асыруға мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығын барынша тарту бойынша, соның ішінде перспективалық интеграциялық жобаларды таңдау критерийлері мен оларды әзірлеу тәртібін құру бойынша ұсыныстар дайындасын;

      цифрлық трансформация элементтерін көздейтін еуразиялық интеграция жобаларына қатысты, қажет болған кезде Комиссия Кеңесінің шешімдері бойынша мұндай жобаларды іске асырудың жекелеген ерекшеліктерін айқындай отырып, Одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобаларды іске асыру механизмін басшылыққа алсын;

      перспективалық интеграциялық жобалардың келісілген тізбелерін қалыптастырсын және оларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды белгіленген тәртіпте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынсын.

      5. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады