Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) азаматтарының жұмысқа орналасуын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйе моделін әзірлеу бойынша бастамаларды пысықтау туралы ақпаратты, сондай-ақ мүше мемлекеттердің осы бастаманы одан әрі пысықтауға деген мүдделілігін ескере отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы:
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйе моделін әзірлеу" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуді;
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ұсынған сарапшылардың осы зерттеу жұмысының орындаушыларын таңдау бойынша конкурстық рәсімдерге қатысуын қамтамасыз етсін.
2. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов