1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Басым Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру туралы" 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 ақпандағы | |
№ 6 өкіміне | |
ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 32 өкіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2-тармақта "15" деген цифрлар "16" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген Өкімге № 1 қосымшада:
а) бірінші графа мынадай мазмұндағы 12-позициямен толықтырылсын:
"12. Энергетика";
б) екінші графа мынадай мазмұндағы 15-позициямен толықтырылсын:
"15. Энергетика және электрлендіру".
3. Мынадай мазмұндағы № 16 қосымшамен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 3 өкіміне № 16 ҚОСЫМША |
"Энергетика және электрлендіру" еуразиялық технологиялық платформасының ПАСПОРТЫ
1. Құрылтайшылар:
"МЭИ" ұлттық зерттеу университеті" жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы);
Белорус ұлттық техникалық университеті (Минск қаласы, Беларусь Республикасы);
"Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы (Рудный қаласы, Қазақстан Республикасы);
"Рудный индустриялық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы (Рудный қаласы, Қазақстан Республикасы);
"С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы);
"EcoWatt" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);
И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы);
Жаңартылатын энергия көздерін және энергия тиімділігін дамыту орталығы (Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы);
"ГРОССМАНН РУС" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы).
2. Мақсаттары:
тұтынушыларды энергетика ресурстарымен қамтамасыз ету, оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру және энергетикалық объектілердің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) мүдделі ұйымдарының тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
мүше мемлекеттерде дәстүрлі және жаңартылатын энергия ресурстарын өндіру, трансформациялау, беру, тарату және тұтыну бойынша энергиялық тиімді технологияларды дамыту және коммерцияландыру.
3. Міндеттері:
энергетика саласындағы ұлттық және әлемдік озық жетістіктерді талдау жөніндегі жүйелі жұмысты ұйымдастыру;
мүше мемлекеттердің нақты экономика секторларының энергетикалық технологияларға қажеттілігін айқындау;
инновациялық өнімдер мен технологияларды әзірлеу, оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізу жөніндегі қолданбалы міндеттерді бірлесіп шешу үшін мүше мемлекеттердің ғылыми әлеуеті мен бизнес-қоғамдастығының өкілдерін тарту;
мүше мемлекеттерде және үшін елдерде қолданылатын энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ең үздік жетістіктер мен қолжетімді технологияларды анықтау, мүше мемлекеттердің аумақтарында бірлескен ғылыми-техникалық басым жобаларды іздеу және оларды дамытуға жәрдемдесу.
4. Қызметтің негізгі бағыттары:
энергетикалық машина жасау;
тиімді жылылау, когенерация және тригенерация, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жылумен жабдықтау;
электрлендіру: электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру, релелік қорғау және ысырапты азайту автоматикасы, автоматтандыру, электр энергиясының сапасын арттыру;
"ақылды электр желілері", соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда, түрлі көздер желісінде қоса жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін желілер;
жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда, таратылған генерация;
қашықтағы тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану.