1. Қоса беріліп отырған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер тізбесі бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.С.Саркисян Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелердің осы Өкіммен бекітілген тізбесін белгіленген тәртіпте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелеріне жіберсін.
3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2019 жылғы 18 сәуірдегі №13 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің сырттай дауыс беруіне арналған мәселелер ТІЗБЕСІ
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы.