Еуразиялық экономикалық одақта құрылыста қолданылатын цементтің еркін айналысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 20 өкімі

      Еуразиялық экономикалық одақта құрылыста қолданылатын цементтің еркін айналысына жағдай жасау мақсатында:

      1. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үкіметтерінен 2019 жылғы 5 тамызға дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің цемент өндірушілеріне құрылыста қолданылатын цементтің тиісті мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес келетіндігін растау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлғаны құру қажеттілігінсіз, өтініш беруші ретінде әрекет етуіне мүмкіндік берілуін қамтамасыз ету сұралсын.

      Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті мүше мемлекетінің аумағында Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамаларына сәйкес тіркелген, шикізатты дайындаудың, шикізатты қыздырудың және клинкер алудың, клинкерді ұнтақтаудың, клинкерге гипс және басқа да қоспалар қосудың, дайын өнімді буып-түю мен ораудың технологиялық операцияларын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірісті жүзеге асыратын заңды тұлғалар құрылыста қолданылатын цемент өндіруші деп түсініледі.

      2. Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдарынан Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында өндірілетін, құрылыста қолданылатын цементтің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын сертификаттау бойынша аккредиттелген органдар туралы ақпаратты 2019 жылғы 1 тамызға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсыну сұралсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссиядан Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үкіметтеріне Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында өндірілетін, құрылыста қолданылатын цементтің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын сертификаттау бойынша аккредиттелген органдар туралы хабарлау сұралсын, олар туралы ақпарат осы өкімнің 2-тармағына сәйкес ұсынылады.      Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үкіметтерінен тиісті уәкілетті органдарға құрылыста қолданылатын цементтің сәйкестігін бағалау рәсімдерін белгілейтін мемлекетаралық стандартты әзірлеуді және оны қабылдау үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесіне (MFC) 2019 жылдың аяғына дейін жіберуді қамтамасыз ету сұралсын.

      5. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үкіметтерінен құрылыста қолданылатын цементтің сәйкестігін бағалау рәсімдерін белгілейтін мемлекетаралық стандарт жобасы бойынша дауыс беруді қамтамасыз ету сұралсын.

      6. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үкіметтерінен 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға осы өкімнің 1 және 2-тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат беру сұралсын.

      7. Еуразиялық экономикалық комиссия осы өкімді іске асыру мониторингін, оның нәтижелерін 2019 жылғы 1 қазанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында қарай отырып, қамтамасыз етсін.

      8. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады