Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Tau Minerals Qazaqstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жалпы көлемі 11,43 гектар жер учаскесіне 2028 жылдың 05 маусымына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімінің орынбасары Медет Әбдімашұлы Уристеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Жүнісбеков |
Талас ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы "8" қазандағы | |
№ 01-188 қаулысына қосымша |
"Tau Minerals Qazaqstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу үшін берілген жерлердің экспликациясы
№ | Жер пайдаланушылардың атауы |
Жалпы жер | Қатты пайдалы қазбаларды барлау өтетін жері, га |
1 |
Талас ауданының мемлекеттік | 11,43 | 11,43 |
БАРЛЫҒЫ | 11,43 | 11,43 |
Талас ауданы әкімдігінің қаулысына келісім парағы
Атауы: Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Ұсынылды: Жер қатынастары бөлімі Ә. Төсбай
Келісілді:
Кіммен дербес келісілді | Келісім берушінің қолы | Ұсыныстар |
| ||
| ||
| ||
|
Таратылды: Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі
Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Талас ауданы бойынша статистика басқармасы