Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 63-тармағына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2019 – 2020 жылдарға арналған негізгі бағдарлары туралы" 2019 жылғы 29 мамырдағы № 7 шешімін орындау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2019 – 2020 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден макроэкономикалық саясатты жүргізген кезде мүше мемлекеттердің құзыретіне жатқызылған бөлікте тізбеде көзделген іс-шараларды ескеру және Еуразиялық экономикалық комиссияны олардың іске асырылу барысы туралы хабардар ету сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2019 – 2020 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыруға бағытталған іс-қимылдарға талдау жүргізсін және Еуразиялық экономикалық комиссияның құзыретіне жатқызылған бөлікте тізбеде көзделген іс-шаралардың орындалуын үйлестірсін.
4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2019 жылғы 8 тамыздағы № 32 өкімімен | |
БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының 2019 – 2020 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың ТІЗБЕСІ
Негізгі бағдарларды іске асыруға бағытталған іс-қимыл | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жүзеге асыруы ұсынылатын іс-шаралар | Еуразиялық экономикалық комиссия жүзеге асыратын іс-шаралар | Күтілетін экономикалық нәтиже |
1-бағыт. Ішкі макроэкономикалық және қаржылық жағдайлардың болжамдылығы мен тұрақтылығын арттыру | |||
1. Баға тұрақтылығын қолдау |
баға тұрақтылығына қол жеткізуге және оны ұстап тұруға бағытталған ұлттық деңгейдегі шараларды қабылдау |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) инфляция деңгейінің Шарттың 63-бабында белгіленген сандық мәнге сәйкестігін мониторингтеу |
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету |
2. Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыру |
мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, ұлттық бюджеттік, соның ішінде борыштық саясатты қалыптастыру |
шоғырландырылған бюджеттің жылдық тапшылығының және мемлекеттік басқару секторы борышының Шарттың 63-бабында белгіленген сандық мәндерге сәйкестігін мониторингтеу |
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету |
3. Халықаралық қағидаттар мен стандарттар негізінде қаржы секторын одан әрі дамыту |
халықаралық қағидаттар мен стандарттар негізінде қаржы секторын дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі шараларды қабылдау |
мүше мемлекеттер іске асыратын шараларды талдау |
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету |
4. Өзара саудада есеп айырысуларда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту үшін жағдай жасау | қажет болған кезде өзара саудада есеп айырысуларда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейтуге бағытталған ұлттық деңгейдегі шараларды қабылдау | мүше мемлекеттер іске асыратын шараларды талдау және өзара саудада есеп айырысуларда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету |
2-бағыт. Мүше мемлекеттердің өндірістік әлеуетін күшейту | |||
1. Экономиканың өндірістік секторында инвестициялық белсенділікті ынталандыру |
кәсіпорындардың инвестициялық ресурстарын жұмылдыруға және олардың әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылығын артыруға, сондай-ақ инвестициялық тәуекелдерді азайтуға бағытталған ұлттық стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды қабылдау мен орындау шеңберіндегі шараларды іске асыру | мүше мемлекеттер іске асыратын шараларды талдау | экономиканың өндірістік секторына инвестициялар көлемін арттыру |
2. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саланы дамыту үшін қажетті жағдайлар мен құралдар жасау |
еуразиялық жаңа технологиялық платформаларды қалыптастыру жөніндегі бастамаларды дайындау және қарау және оларды еуразиялық даму институттарының қатысуымен іске асыру | еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру | Одақтың ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту |
3. Цифрлық және ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту |
Одақтағы сауданың цифрлық экожүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасының") жобасын әзірлеуге қатысу |
Одақтағы сауданың цифрлық экожүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасының") жобасын әзірлеу |
мүше мемлекеттердің өзара саудасының көлемін арттыру |
4. Өнеркәсіптің басым салаларында кооперация мен импорт алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобы шеңберінде импорт алмастыратын кооперациялық жобаларды жүзеге асыруда мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарын қолдау механизмін қалыптастыру |
мүше мемлекеттердің аумақтарында импорт алмастыратын өнімнің нақты және жоспарлы өндірісін ескере отырып, оны Одақ шеңберінде кооперациялық негізде жасау жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарын қолдау механизмін қалыптастыру туралы мәселені өнеркәсіптің басым салаларындағы кооперация мен импорт алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының қарауына қатысу |
мүше мемлекеттердің аумақтарында импорт алмастыратын өнімнің нақты және жоспарлы өндірісін ескере отырып, оны Одақ шеңберінде кооперациялық негізде жасау жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарын қолдау механизмін қалыптастыру туралы мәселені өнеркәсіптің басым салаларындағы кооперация мен импорт алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының қарауын қамтамасыз ету |
мүше мемлекеттердің аумақтарында импорт алмастыратын өнімнің кооперациялық негіздегі өндірісінің көлемін арттыру |
5. Қосылған құны жоғары өнім шығару жөніндегі қуаттарды арттыру және өнеркәсіптік кооперацияны күшейту |
"Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоғары деңгейлі жоспарын іске асыруға қатысу |
"Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоғары деңгейлі жоспарын бекіту және оны іске асыруға қатысу |
шыққандағы қосылған құны жоғары өнімнің үлесін арттыру |
6. Өнеркәсіпте мемлекетаралық бағдарламалар мен интеграциялық жобаларды іске асыру және Одақтың агроөнеркәсіптік секторында осындай жобаларды қалыптастыру |
ұлттық ғарыш жүйелерінің интеграциясы саласында мемлекетаралық бағдарламалардың жобаларын әзірлеу |
ұлттық ғарыш жүйелерінің интеграциясы саласында мүше мемлекеттердің іс-қимылын үйлестіру |
мүше мемлекеттерде инновациялық өнім өндірісінің көлемін арттыру |
3-бағыт. Одақтың ішкі нарығын дамыту және сыртқы әріптестермен ынтымақтастықты нығайту | |||
1. Кедергілерді анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді, оның ішінде Шарттың тиісті ережелеріне және Одақ органдарының оны дамыту үшін қабылданған актілеріне өзгерістер енгізу арқылы кезең-кезеңімен қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру |
Одақтың ішкі нарығының ұлттық сегменттеріне өзара қол жеткізу үшін кедергілердің, алып қоюлардың және шектеулердің болуы туралы ақпаратты, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі болатын кедергілерді, алып қоюларды және шектеулерді жою мүмкіндігі туралы ақпаратты Комиссияға жіберу |
Одақтың ішкі нарығының ұлттық сегменттеріне өзара қол жеткізу үшін кедергілердің, алып қоюлардың және шектеулердің болуын анықтау, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі болатын кедергілерді, алып қоюларды және шектеулерді жою мүмкіндігін айқындау |
мүше мемлекеттердің өзара саудасының өсуі |
2. Мүше мемлекеттердің трансшекаралық нарықтарында қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыру және бәсекелестікті қорғау |
Одақтың трансшекаралық нарықтарында жалпы бәсекелестік қағидаларын бұзу белгілерінің болуы туралы ақпаратты қамтитын материалдарды мүше мемлекеттердің монополияға қарсы (бәсекелес) органдарының беруі |
әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарықтарында және экономиканың жоғары технологиялы салаларында бәсекелі жағдайлар жасау мақсатында мүше мемлекеттердің монополияға қарсы (бәсекелес) органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырумен қоса, Одақтың трансшекаралық нарықтарында жалпы бәсекелестік қағидаларының сақталуын бақылау |
Одақтың трансшекаралық нарықтарында бәсекені шектеу белгілері анықталған жағдайда, бәсекені қалпына келтіруге және қамтамасыз етуге бағытталған монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау |
3. Одақтың көлік-логистикалық әлеуетін дамыту | Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 2 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2018 – 2020 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын әуе көлігі бөлігінде іске асырудың негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 3 шешімімен бекітілген 2018 – 2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын орындау |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 2 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2018 – 2020 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын әуе көлігі бөлігінде іске асырудың негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 25 қазандағы № 3 шешімімен бекітілген 2018 – 2020 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар ("жол картасы") жоспарын іске асыру және орындалуын мониторингтеу | жүк айналымының, жолаушылар айналымының, жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көлемінің өсуі |
4. Одақ шеңберінде еңбек және білім беру ұтқырлығы саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту |
мүше мемлекеттерде берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттарды, сондай-ақ педагогика, заң, медицина және фармацевтика салаларындағы білім туралы құжаттарды жұмысқа орналасу мемлекетінде тану рәсімінен өткізу қажеттігі бөлігінде Одақтың ішкі нарығындағы алып қоюларды жою туралы мәселені пысықтауға қатысу |
мүше мемлекеттерде берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы құжаттарды, сондай-ақ педагогика, заң, медицина және фармацевтика салаларындағы білім туралы құжаттарды жұмысқа орналасу мемлекетінде тану рәсімінен өткізу қажеттігі бөлігінде Одақтың ішкі нарығындағы алып қоюларды жою туралы мәселені мүше мемлекеттермен пысықтау |
еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру |
5. Сыртқы әріптестермен сауда және экономикалық байланыстарды тереңдету және халықаралық ынтымақтастықты дамыту |
Комиссияның үшінші елдердің үкіметтерімен ынтымақтастығы бойынша Комиссия мен үшінші елдердің үкіметтері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарды іске асыру мақсатында құрылған жұмыс топтарының отырыстарына, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығына (АСЕАН) мүше мемлекеттер қатысатын бірлескен консультацияларға қатысу |
Комиссияның үшінші елдердің үкіметтерімен ынтымақтастығы бойынша Комиссия мен үшінші елдердің үкіметтері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарды іске асыру мақсатында құрылған жұмыс топтарының отырыстарын өткізу, сондай-ақ АСЕАН мүше мемлекеттер өкілдері қатысатын бірлескен консультацияларды ұйымдастыру |
үшінші елдермен сауда көлемін және инвестицияларды ұлғайту |