Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 41 және 46-тармақтарын ескере отырып және Ресей Федерациясының Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі" (КО ТР 011/2011) техникалық регламентіне техникалық регламент күшіне енгенге дейін пайдалануға берілген және пайдалану мерзімі өтіп кеткен лифтілерді регламент талаптарына сәйкес келтіру мерзімін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ұсынысын назарға ала отырып:
1. Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі" (КО ТР 011/2011) техникалық регламентіне өзгерістер жобасын әзірлеуде Ресей Федерациясы -жобаның жауапты әзірлеушісі, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы - қоса әзірлеушілер болып белгіленсін.
2. Ресей Федерациясының Үкіметінен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 46-тармағына сәйкес Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі" (КО ТР 011/2011) техникалық регламентіне өзгерістер жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп, Кеден одағының "Лифтілердің қауіпсіздігі" (КО ТР 011/2011) техникалық регламентіне өзгерістер жобасының белгіленген тәртіппен мүмкіндігінше қысқа мерзімде қаралуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов