Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 41 және 46-тармақтарын және химиялық өнімдердің жекелеген санаттарын мемлекеттік тіркеуге қойылатын талаптарды алып тастау бөлігіне қатысты Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ЕАЭО TР 041/2017) өзгерістер енгізу туралы ұсынысын ескере отырып:
1. Қазақстан Республикасы - Еуразиялық экономикалық одақтың "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 041/2017) өзгерістердің жобасын жауапты әзірлеуші, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы қоса әзірлеушілер болып белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 46-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінен Еуразиялық экономикалық одақтың "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 041/2017) өзгерістердің жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақтың "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 041/2017) күшіне енгенге дейін тиісті өзгертулердің күшіне енуінің орынды болатынын негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 041/2017) өзгерістер жобасының белгіленген тәртіпте қаралуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов