Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 90 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 4 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 30-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 11 тапсырмасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 29 мамырдағы "Еуропалық одақта (Еуропалық одақ елдерінде) шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін гербицидтерге қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы" № 90 шешіміне өзгерістер енгізу қажеттігі туралы мәселе бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өкілдерінің қатысуымен жүргізілген консультацияларының нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. № 90 шешімге өзгерістер енгізу қажет деп танылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуропалық өндірушілердің Еуропалық одақта "BASF" және "SYNGENTA" тауарлық таңбаларымен шығарылатын гербицидтердің Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағына әкелінуін қамтамасыз ету бөлігінде міндеттемелер қабылдауын көздей отырып, белгіленген тәртіпте № 90 шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдасын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы демпингке қарсы шаралардың қолданысы жағдайында гербицидтер шығарушылардың Еуразиялық экономикалық одақта бағаны негізсіз арттыруына жол бермеу мақсатында, бағаны негізсіз арттыру фактілері анықталған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің мұндай шешімді 1 ай ішінде қайта қарауға бастамашылық жасауын көздей отырып, Еуразиялық экономикалық одақ нарығында гербицидтерге арналған бағалардың мониторингін жүзеге асырсын.

      4. №90 шешім осы Шешімнің 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының оған өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения
Республикасынан
 
 

Беларусь
Республикасынан
 

Қазақстан
Республикасынан
 

Қырғыз
Республикасынан
 

Ресей
Федерациясынан
 



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады